
Бүгін "Нұр Отан" партиясының мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, президент сайлауына партия атынан қатысатын үміткер ретінде бекітті. Партия съезінде Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып жатып Назарбаев Тоқаевқа "толықтай сенетінін" айтып, қазақстандықтарды Тоқаевты қолдауға шақырды. Қазақстан халқына осы уақытқа дейін еңбегі сіңген Елбасының бұл шешімін өз басым қолдаймын. Себебі, көп жылдар бойы қол астында қызмет атқарған адамның қандай екенін әрі атқарып жатқан жұмыстарын Тұңғыш Президентіміз білгендіктен, сеніммен айтып отыр.
Әлия ИМАНЖАНТЕГІ.