АУДАН ТЫНЫСЫ

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕН ТЕСТ ТАПСЫРДЫ

Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ
Уақыты: 24.04.2019
Оқылды: 440 Печать страницы
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕН ТЕСТ ТАПСЫРДЫ

Nur Otan партиясының құрылтайынан соң Қасым-Жомарт Тоқаев орталық сайлау комиссиясына барып, кандидат ретінде құжаттарын өткізді. КЕЙІН лингвистикалық комиссияның алдында мемлекеттік тілден емтихан тапсырды.

Жазба жұмысының тақырыбы – Абай Құнанбайұлының поэзиясы мен қара сөздері болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тақырыпта 2 беттік шығарма жазып шыққан. Комиссия мүшелері шығармадан бірде-бір қате таппағанын айтады.

Содан соң президенттікке үміткер Шерхан Мұртазаның "Мыңбұлақ" кітабынан үзіндіні мәнерлеп оқып берді. Комиссия мүшелері Тоқаевтың дауыс ырғағы мен оқу мәнерін жоғары бағалады.

Соңында Тоқаев әлемдік саясаттағы Қазақстанның орны тақырыбында сөз сөйледі.

Лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбековтың айтуынша, президенттің сөзін бәрі ұйып тыңдаған. Өйткені, Тоқаев сыртқы саясаттың нағыз маманы.

Үш кезеңнен де мүдірмеген Қасым-Жомарт Тоқаевты лингвистикалық комиссия мемлекеттік тілді толық меңгерген деген шешім шығарды.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.