АУДАН ТЫНЫСЫ

Кербұлақ ауданының кәсіпкерлері екі айда 8 бірдей көп балалы отбасыға үй сыйлаған

Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ
Уақыты: 26.04.2019
Оқылды: 365 Печать страницы
Кербұлақ ауданының кәсіпкерлері екі айда 8 бірдей көп балалы отбасыға үй сыйлаған

Бүгін Алматы облысы Кербұлақ ауданының кәсіпкерлері тағы да екі отбасыға баспана сыйлады. Жаңа шаңырақ иелерінің екеуіде жалғыз басты аналар. Бірі 3 кішкентайды,  екіншісі 7 бірдей баланы бағып отыр.

 

Сарыбұлақ ауылының тұрғыны, 7 баланың анасы Мейрамгүл Бәйсеитоваға, осы ауылда орналасқан "Сарыбұлақ" шаруа қожалығының басшылары 4 бөлмелі үйді сатып әперген.

 

«Осы күнге дейін 7 баламен баспанасыз, жалдамалы  пәтерде тұрдым. Екі балам оқу оқиды,  5 балам мектепте. Жалғыз өзімнің қолымнан келгенінше тырмысып, балаларымды жеткізіп келемін. Ендігі өзіміздің үйіміз бар. Бұл біз үшін үлкен көмек болды. Қожалық басшылығына алғысым шексіз »,- дейді көп баланы батыр ана көзіне жас алып.

 

Сонымен қатар,  Алтынемел  ұлттық мемлекеттік табиғи паркінің  бас директоры Халық  Оңғарұлы,  Сембай Гүлсанат есімді жалғыз басты ананы үш бөлмелі кең үйге кіргізді.

 

« 6 жылдан астам уақыт жалдамалы пәтерде тұрдым. Кіші балам енді ғана 3-ке толды, екі балам мектепте оқиды. Туған туыстың және осындай зиялы азаматтардың арқасында күнімізді көріп жүрміз» , - деді жас ана.

 

Айта кету керек, ауданда наурыз айында бастау алған қайырымды шара осымен 8 бірдей отбасыны баспаналы қылды. Бұл шара әлі де жалғасын таба бермек дейді аудан белсенділері.

 

                                                                                             

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.