АУДАН ТЫНЫСЫ

Мамыр айының 3-і күні аудан орталығына жұмыс сапарымен Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерсұлтан Бектұрғанов пен Жанат Жарасов келді

Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ
Уақыты: 03.05.2019
Оқылды: 452 Печать страницы
Мамыр айының 3-і күні аудан орталығына жұмыс сапарымен Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерсұлтан Бектұрғанов пен Жанат Жарасов келді

Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде атап өткен тапсырмаларын халыққа түсіндіру мақсатында бірқатар нысандарды аралады.

   Алдыменен "Көксу қант зауытына" барып, ондағы жұмысшы топпен сөйлесіп, зауыттың жұмыс қарқынымен танысты. Сонымен қатар, жылына 50 мың тонна соя өнімін шығаратын "УЫЗ МАЙ INDUSTRY-дің" жұмысшыларымен жүзбе-жүз кездесіп, сапалы әңгіме өрбітті.

   Бүгінде цифрлық технологиялар арқылы көптеген саланың жұмысы жеңілдеді. Осы тұрғыда ел қалаулылары тауарлы-сүт фермасына барып, мән-жайдың анық-қанығына көз жеткізді. 400 басқа арналып салынған бұл фермада төрт робот сауыншы жұмыс атқарады. Ағымдағы жылы бұл фермаға тағы 200 басқа арналған екінші кешен салынбақ.

   Аудандық емхана жұмысы да назардан тыс қалмады. Себебі, Елбасының көтерген негізгі мәселелерінің ішінде - денсаулық саласы басты бақылауға алынған. Емханадағы озық технологиялармен жабдықталған кабинеттерді аралап, жұмыс сапасына оң бағаларын берді.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.