
Жуырда Алғабас ауылдық округінің Қызылтоған ауылында 25 орындық шағын орталығымен 120 орындық орта мектеп құрылысы басталды. Мектеп құрылысына облыстық бюджеттен 717 000 млн. 654 мың теңге қаржы бөлініп отыр. Құрылыс жұмыстарын «СП NEFT» ЖШС-гі жүргізуде. Құрылыс жұмыстарына бірінші кезекте ауылдағы жұмыссыз азаматтар жұмысқа тартылуда. Жалпы, Алғабас ауылдық округінде елді қуанышқа кенелткен істер мұнымен біткен жоқ. Ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қатысты да айшықты шаралар қолға алынып жатыр. Атап айтқанда, аудандық бюджеттен 20 млн. 347 мың теңге бөлініп Алғабас ауылының 390 м болатын Көмекбай көшесіне, Қызылтоған ауылының 760 м болатын Нұрахмет көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жасылып, асфальт төселді. Сондай-ақ, Алғабас ауылында «Туған жер» бағдарламасы аясында ауылдың кәсіпкер азаматтарының қаржысынан жастар саябағы салынуда. Ауыл әкімі Дәурен МОЛДАҒАЛИДІҢ айтуынша: «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында таяу уақытта құны 18 млн болатын стадион құрылысы басталмақ. Ауыл әкімінің сөзіне сүйенсек алдағы уақытта халықтың әл-ауқатын жақсартатын осындай әлеуеметтік маңызы бар жобалар жалғасын таппақ.