АУДАН ТЫНЫСЫ

Жетісулық шаруалар 4 мың тонна ет экспорттауды көздейді

Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ
Уақыты: 28.05.2019
Оқылды: 329 Печать страницы
Жетісулық шаруалар 4 мың тонна ет экспорттауды көздейді

Алматы облысының шаруалары биыл 4 мың тонна ет экспорттамақ.

Яғни бұл өткен жылғымен салыстырғанда 3 есеге көп. Отандық өнім Өзбекстан, Қырғызстан және Иран Ислам Республикасына жөнелтіледі. Өңірде жыл сайын 350-360 мың тонна ет өндіріледі. Аймақта кейінгі кездері ірі қара еті 82 теңгеге қымбаттаған. Қазір сауда орындарында орташа есеппен 1591 теңгеден сатылып жатыр. Сала мамандары бағаның өсуіне бірнеше себеп бар екенін алға тартады. Айгүл Идрисова, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық- инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы:  - Өндірушілер өз бағаларының көтерілгенін шөп көтерілгенімен, жол шығыны артқанымен және халықтың сұранысымен түсіндіреді.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.