
Елімізде батуттардың жұмысын қадағалайтын орган құрылуы мүмкін. Қарағандыда батут салдарынан бүлдіршін қаза болған соң батут жұмысын бақылау қолға алынды.
Дәрігерлер батуттан балаларға небір аурулар жұғатынын айтып отыр. Онда менингит, пневмония, ішек ауруларын тудыратын микробтар болады. Себебі даладағы шаң-тозаңнан ластанады. Оны тексеріп жатқан ешкім жоқ.
"Батуттардың күн сайын жуып-тазалап тұру керек. Батутта ойнаған балаларды ата-анасы тазалап жуындыру керек. Күнделікті ластанған, әрі көп баланың қолы тиген жерде міндетті түрде микроб болады. Балалар ауруды тез жұқтырады", - деді Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғыбылов.
ІІМ үкіметке хат жолдап, батут қызметін бақылайтын орган құруды ұсынды.
Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда Орталық қалалық мәдениет және демалыс саябағында Қарағанды қаласында күшті желдің салдарынан батут аударылып, бір бала қайтыс болды. Қайғылы оқиғадан кейін батутты орналастырған аттракцион иесі ұсталды.