АУДАН ТЫНЫСЫ

1 маусымнан бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді?

Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ
Уақыты: 03.06.2019
Оқылды: 404 Печать страницы
1 маусымнан бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді?

Жаздың бірінші айы бір миллионнан астам қазақстандық үшін қуанышты жаңалықпен басталғалы тұр. 1 маусымнан бастап жалақысы төмен азаматтардың қалтасы қалыңдай түседі
Білім беру саласы

Бұл саласда істейтін қызметкерлердің жалақысы 10-30%-ке өседі.

Бірінші топ – еңбек жолын енді бастаған жас мұғалімдер, колледж мұғалімдері, әлеуметтік психологтар, балабақша жетекшілері мен тәрбиешілері, тәрбиешілердің көмекшілері.

Мәселен, қалада істейтін, еңбек өтілі 2-3 жылды құрайтын әлеуметтік педагог, кітапханашы, тәрбиешілердің айлығы қазіргі 55 869 теңгеден 70 859 теңгеге дейін артады. Ауылдарда 69 837 теңгеден 88 573 теңгеге дейін көтеріледі.

Еңбек өтілі 2-3 жылға жетіп қалған педагог-психологтар (қалада) қазір 65 019 теңге алса, енді 81 565 теңге төленеді. Ауылдарда 81 273 теңгеден 101 957 теңгеге дейін ұлғаяды.

2-3 жылдық еңбек өтілі бар мұғалімнің жалақысы: қалаларда 55 480 теңгеден 66 382 теңгеге дейін; ауылдарда 69 351 теңгеден 82 976 теңгеге дейін өседі.

Бүгіннен бастап жалақысы көтерілетін екінші топ –  көмекші персонал. Яғни, олар балабақшаның қатардағы қызметкерлері, еден сыпырушылар, күзетшілер, от жағушылар, сантехниктер мен электриктер.

Үшінші топ басқарушы персоналға жатады: мектеп директорлары, директорлардың орынбасарлары, балабақша басшылары.

Медицина қызметкерлерінің де еңбекақысы өседі

1 маусымнан бастап жалақысы төмен медицина қызметкерлерінің еңбекақысы 30 процентке артады.

Мәселен, кіші медициналық персоналға қазір 48 861 теңге төленсе, енді 64 520 теңге алады, ал орта медперсоналдың айлығы 76 395 теңгеден 99 313 теңгеге дейін көтеріледі.

Тағы кімдер бар?

Әлеуметтік салада, мәдениет пен спортта, ауыл шаруашылығында және басқа да салаларда – азаматтық қызметшілер, әкімшілік және техникалық қызметкерлер, жұмысшылар, сондай-ақ орта және төмен буындағы облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлердің де жалақысы өседі.



 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.