АУДАН ТЫНЫСЫ

Қазақстанның батысында ғайыптан көл пайда болды

Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ
Уақыты: 07.06.2019
Оқылды: 387 Печать страницы
Қазақстанның батысында ғайыптан көл пайда болды

Жаңа су қоймасы бірнеше күн бұрын шөл даланың қақ ортасында пайда болған
 

Атырау облысы Мақат ауданында екі шоқының арасындағы сайда тұщы көл пайда болды, деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы.

Осы маңдағы жаңа әрі жалғыз тұщы су осыдан бірнеше күн бұрын ғана пайда болыпты. Мамандар әлі судың құрамын тексерген жоқ, бірақ оның тұщы екені анық. Адамдар әзірге өз пайдасына жаратпаса да, төрт түлік мал мен құс біткен табиғаттың "тосынсыйының" рахатын көріп жатыр.

 

Мамандардың пайымдауынша, көлде кем дегенде 5 мың метр куб су бар. Көлдің қайдан пайда болғаны анықталуы тиіс. Бәлкім, жер астында әжептәуір су қоры болуы мүмкін.

Алайда мамандар әуелі судың химиялық құрамын анықтап, ауыр металл және басқа қоспалардың барын тексереді.Сараптама нәтижелерін жергілікті фермерлер асыға күтіп отыр, олар аяқ асты пайда болған су қорын шаруашылықта пайдалансақ дейді.


 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.