АУДАН ТЫНЫСЫ

36 жастағы министр Асхат Аймағамбетов туралы не білеміз?

Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ
Уақыты: 14.06.2019
Оқылды: 333 Печать страницы
36 жастағы министр Асхат Аймағамбетов туралы не білеміз?

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ҚР Білім және ғылым министрі болып Асхат Аймағамбетов тағайындалды

Асхат Аймағамбетов бұған дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған еді. Ол 2019 жылдың 25 ақпанында ғана тағайындалған Күләш Шәмшидинованың орнына келді. 

Білімі  

Асхат Аймағамбетов 1982 жылы 14 маусым күні Қарағанды облысында дүниеге келген. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін, Қарағанды "Болашақ" білім беру институтының заң факультетін, "саяси ғылымдар" мамандығы бойынша Еуразия ұлттық университетін тəмамдаған.

Еңбек жолы

Еңбек жолын 2002 жылы Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастайды. 

  • 2004–2005 - "Аңсар" жастар лигасы" ҚБ төрағасы;
  • 2005–2006 - "Медиа СП" ЖШС директоры;
  • 2006–2012 - Бөкетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті;
  • 2012–2014 - Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметі;
  • 2014-2017 - Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы;
  • 2017 жылы - ҚР білім жəне ғылым вице-министрі болып тағайындалды;
  • 2019 жылдың қаңтар айынан бастап Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;
  • 2019 жылдың 13 маусымында ҚР Білім және ғылым министрі болып тағайындалды.

Әкім орынбасары ретінде Аймағамбетов ішкі саясат және әлеуметтік сала мәселелерімен айналысқан.

Ал білім вице-министрі қызметін атқарған кезде БАҚ-пен және желі қолданушыларымен байланыс орнатып, ҰБТ-ны өткізу барысын түсіндірген.


 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.