
Бүгін барша әлем халқы саксофон туған күнін атап өтіп жатыр. Осы күні саксофонды жасап шығарған Адольф Сакс дүниеге келген еді. Көптеген адам саксофонның арнайы джаз музыкасын ойнау үшін жасалғанын айтады. Саксофон — бұл адам дауысына ең жақын аспап. Саксофон үні мен адам дауысынан пайда болатын толқын өзара қатты ұқсайды. Бастапқыда саксофон тек әскери оркестрларда қолданылған. Кейін уақыт өте келе оны опералық және симфониялық оркестрге енгізе бастады. Көптеген танымал сазгер саксофонға арнап музыка жазатын болған. Мысалы, Клод Дебюсси саксофоны бар оркестрге арнап рапсодия жазған. Кейбір музыкашылар саксофонды "джаздың әміршісі" деп те атайды.
Сондай-ақ, бүгін адамдар қолынан өлген жануарларды еске алатын күн. Жануарлардың жаппай қырылуының басты себебі — адамдар әрекеті. Адам баласы өзінің мүмкіндіктері мен сана-сезімінің бар екендігіне орай жануарларға қамқор болуы керек. Осыған қарамастан жыл сайын Жер фаунасынан көптеген Қызыл кітапқа енген жануар жойылып барады. Бұл күні жануарлар терісінен киім кигенді жақсы көретіндер міндетті түрде ойлануы керек.
Бұдан өзге бүгін тәуелсіз, жалғыз жүрген әйелдер мерекесі. Көпшілік бұл мерекені әзілге балайды. Егер сіз және өзге құрбыларыңыз сүйіктілеріңізді жолықтырып үлгермеген болсаңыздар, неге бас қосып, бұл уақытты бірге өткізбеске?! Сондай-ақ, бір-бірлеріңізге мерекенің құрметіне кішігірім сыйлық табыстауларыңызға болады. Мереке ресми емес, оны біреу ойлап тапқан.