ЛАЙФСТАЙЛ

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 11 қараша

Санат: ЛАЙФСТАЙЛ
Уақыты: 11.11.2019
Оқылды: 405 Печать страницы
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 11 қараша

Сән қуған сылқым қыздар мен сері жігіттер, түрлі техника және гаджетті сүйетін қауым, қуана беріңіздер — бүгін керектінің бәрін үлкен жеңілдікпен алуға болады! Өйткені 11 қарашада бүкіл әлемде Дүниежүзілік шоппинг күні тойланады. Бұл мерекені қытайлықтар – Alibaba танымал концерні, AliExpress сауда алаңқайының иелері ойлап тауыпты. Олар жылына бір рет жаппай сатылым жүргізуді бастаған. Бұл күні жеңілдіктер 70-80%-ға дейін жетеді. Сарапшылардың айтуынша, тұтынушылар жүз миллиард долларға дейін сауда жасайды! Сондықтан уақытты құр жібермей, онлайн сауда жасауға кірісейік.

Ал шоппингке қызықпайтын, ақша шашқаннан гөрі, үнемді жақсы көретіндер мына бір мейрамды құп көреді деп ойлаймыз: Энергия үнемдеу күні. Әртүрлі тұрмыстық техника, гаджеттер, кеңсе құрылғылары, жаппай компьютерлендіру пайда болғалы бері халықтың энергия тұтынуының орташа деңгейі көтеріліп кетті. Қоғам мен биліктің назарын энергия үнемдеуге аудару үшін халықаралық мереке бекітіліпті.

Сонымен бірге, бүгін – Қағаз хат жазу күні. Қазір өміріміздің басым бөлігі виртуалды өтіп жатыр, шын хат дегеннің не екенін ұмыттық. Қағазға жазылған хатты конвертке салып, арнайы марка жапысарды емес пе. Пошта жәшігінде толып жатқан жарнама парақтарының ішінде атың мен мекенжайың жазылған, әдемі маркасы бар аппақ конверттегі хатты тауып алғандағы сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Олай болса, қолға қалам алып ең жақын деген адамдарымызға хат жазсақ па екен…

Бельгия мен Францияда бүгін – Татуласу күнін тойлайды. Қытайда – Бойдақтар күні. АҚШ-та – Ардагерлер күні. Поляктар Тәуелсіздік күнін атап өтеді.


 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.