ЛАЙФСТАЙЛ

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 қараша

Санат: ЛАЙФСТАЙЛ
Уақыты: 14.11.2019
Оқылды: 403 Печать страницы
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 қараша

14 қарашада Бүкіләлемдік диабеткке қарсы күрес күні аталып өтеді. Мереке инсулинді алғаш ашқан ғалымдардың бірі Фредерик Бартингтің туған күніне орайластырылған. Бартинг болмағанда, қант диабетіне шалдыққан адамдарға өмір сүру одан да қиынырақ болар ма еді. Өкінішке қарай, профилактикалық шараларға қарамастан дәрігерлердің жұмысы жылданн жылға азаяр емес. Негізі, диабеттің екі түрі кездеседі. Ал инсулин тек ең ауыр түріне ғана қажет. Екінші формасы анағұрлым жеңілірек. Диабеттің екінші түрімен ауыратын науқастарға спецификалық диета тағайындалады. 

Бұдан бөлек, бүгін Халықаралық логопед, Әлеуметтанушы және Эндокринолог күні. 

Сондай-ақ, бүгін – Сынған шамдар мерекесі. Мерекенің атауынан шошып қалмаңыз, бұл датаның вандализммен түк те байланысы жоқ. Тереңірек үңіліп қарасақ, бұл романтикалық мереке. Біз сізді көшеге шығып, біреудің мүлкін қират деп үгіттеуден аулақпыз. Ең дұрысы – түн қараңғысында өз ойыңызбен оңаша қалып, жалғыз аяқ жолмен серуендеген кезде жарықтың қаншалықты маңызды екенін ұғыну. Кеш батқанда жалғыз аяқ жол мен саябақтар аздап қауіпті әрі жұмбақ болып көрінуі мүмкін. Бұл мерекені естіген кезде, ойыңызға бірден Ресейдің "Улицы разбитых фонарей" телехикаясы түсетіні анық. Сондықтан мерекені атап өткенде, арам пиғылды адамдар барын естен шығармаған абзал. 


 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.