ЛАЙФСТАЙЛ

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 18 қараша

Санат: ЛАЙФСТАЙЛ
Уақыты: 18.11.2019
Оқылды: 449 Печать страницы
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 18 қараша

Бүгін ең танымал мультипликациялық кейіпкер — Микки Маустың туған күні екенін білесіз бе? Ол 90 жасқа толды. Балалардың сүйікті кейіпкеріне айналған Микки Маус 1928 жылы 18 қарашада экранға шықты. Содан бері Микки Маус әлемдегі ең танымал мультипликациялық кейіпкер болып қалып отыр. Ол 120-дан астам мультфильмге түсіп, түрлі кейіпте кішкентай көрермендерін қуантты. Әрі Микки Маустың өзін ойлап тапқан адамға көп марапат әкелгені белгілі. 1932 жылы Уолт Дисней Микки Маус үшін Оскар алды. Бұдан бөлек, бұл мультфильм кейіпкерінің Голливудтегі Даңқ аллеясында 1978 жылы алған өз жұлдызы бар. 

Ал Ресейде бүгін Аяз ата күні атап өтіледі. Оның туған күні нақты қай уақытта ойлап табылғаны белгісіз. Бұрын 18 қараша күз бен қыс арасындағы өтпелі күн болып есептелген. Аяз атаның туған жері болып ресми түрде Устюг (Ресей қаласы) болып танылған. Сондықтан осы жерде мерекеге дайындық мұқият жүргізіледі. Бұл күні арнайы пошта жәшігі ашылады, оған кез келген адам құттықтау хатын салып, туған күн иесіне игі тілектерін жеткізе алады. 

Сондай-ақ, бүгін – құпия ойлап табу мерекесі. Бүгін барлық құпия-сырымызды еске аламыз, мүмкін ұмытып қалған құпияңыз бар шығар. 

 

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.