ЛАЙФСТАЙЛ

5 сәуір қандай күн?

Санат: ЛАЙФСТАЙЛ
Уақыты: 05.04.2019
Оқылды: 572 Печать страницы
5 сәуір қандай күн?

Көші-қон полициясының күні

1993 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасында болған өзгерістерге байланысты уақыт талабына сәйкес төлқұжаттық-визалық қызмет қайта құрылды. Соның негізінде көші-қон полициясы құрылды. Қызмет құрылымы, міндеттері өзгерді. Қазақстанға келетін шетел азаматтары санының өсуіне байланысты олардың болу тәртібін реттеу қажеттілігі туындады. Президент Жарлығы бойынша тарихи отаны Қазақстанға қоныс аударушыларға айрықша көңіл бөлінді.Заңсыз көші-қонмен, Қазақстанға шетел азаматтарының келу фактілерінің бұзылуымен күресу үшін 2002 жылдың сәуір айында «Рубеж» бірыңғай бөгеу жүйесі взводы құрылды.

Корей елінде ағаш отырғызу күні

Бұл шара Корей жерінде ормандарды қайта қалпына келтіру мақсатында Пак Чжон Хи басшылығымен қолға алынған болатын. 1960 жылдан бастап, 2005 жылға дейін бұл күн мемлекеттік мерекелердің бірі болып, ресми түрде бүкіл елде демалыс жарияланатын. Қазір демалыс берілмесе де, ескі дәстүр өз жалғасын табуда. Бұл күні Оңтүстік Корея халқы өз аудандарын көгалдандыру жұмыстарына ат салысып, таулы аймақтарда ағаш отырғызады. Көбінесе жылы бұл күн Суық тағамдар фестивалімен (Cold Food Festival) тұспа-тұс келеді. Корей халқы бұл фестивальді «Хансик» (Hansik) деп атайды. «Хансик» сөзі корей тілінен аударғанда «суық тағам» деген мағына береді.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.