
Қазақстанда ұлттық орман егу күні
Бүкілқазақстандық экологиялық акция «Тұрақты даму» Жер қорының бастамасымен алғаш рет 2014 жылдың 19 сәуірінде өтті. Оның мақсаты - ормандарды сақтап, қалпына келтіру, қалаларды жасыл желекпен көркейту, орман байлығын сақтап, көбейту ісіне қоғамның қызығушылығын арттыру, Қазақстан ормандарын қалпына келтіру жобаларына ресурстар тарту.