ЛАЙФСТАЙЛ

БЕЛБЕУ. ЕСКІ БЕЛДІКТІ ТАСТАУҒА АСЫҚПАҢЫЗ

Санат: ЛАЙФСТАЙЛ
Уақыты: 25.04.2019
Оқылды: 510 Печать страницы
БЕЛБЕУ. ЕСКІ БЕЛДІКТІ ТАСТАУҒА АСЫҚПАҢЫЗ

Белбеу немесе белдік ер адамның, кейде әйел адамдардың сәндік бұйымына айналып жатады.Егер  үйіңізде   ескі белдіктердің  түр-түрі болса  оларды тастауға  асықпаңыз.Белдіктерден  өз    қиялыңыздың  шарықтау шегіне қарай түрлі әрі қызықты, сіз ойыңызға  келмеген  дүниелерді жасауға болады.

  • Егер  үйіңізде  жуан  белдіктер  бар болса,  одан  перде   жинағыш жасаңыз.Пердені   моншақты әшекеймен  жинау бір  басқа да,   белдікпен   бүріп  қою  да  үйіңізге  ерекше  сән  мен үйлесім  берері сөзсз.
  • Сондай ақ,  дастарханға  қоятын  майлықты    да сәндеп   жинап  қойсаңыз болады.
  • Кітап  қоятын   сөрені де  белдіктен  жасауға  болады.Ол үшін  кітапты  қоятын  ыңғайлы жерді таңдап  алу  керек.Қажетінше  ескі белдікті  бір  біріне  жалғап үйлесімін  тапсаңыз  болғаны.
  • Үйдегі жиһаздардың  тұтқасы әдетте   ең  бірінші   істен  шығатын  бөлшек.Есесіне  арнайы сатып алудан бұрын былғары белдіктен  бірыңғай  сәнді тұтқалар  жасауға  болады.Былғары белдіктің  түсі жиһазыңызбен  өте  сәйкес  келеді.
  • Егер  үйіңізде  гүл  отырғызылған гүлсауытыңыз қарапайым бөтелке  немесе пластикалық ыдыстан жасалған  болса,  оны  қарапайым белдіктермен  орап  сәндеп       қойсаңыз  болады.
  • Қолдан  шыққан  ескі белдікшелеріңіз  көп  болса      олардан  үйдің  кіреберісіне  кілемше  жасаңыз.Ол  үшін белдіктерді  бірдей  ұзындықта  қиып,  астарына  ескі дермантин  матасын  қойып  үстіне   былғарыға  арналған  желімді жағасыз да  қиылған  белдіктерді  түсі мен көлеміне қарай  қиыстырып жапсырып  шығасыз.
  • Орындықтың  арқалығын да  белдікпен  сәндеуге   болады.Мысалы, ағаштан  жасалған   арқа  тұсы ашық  ескі орныдықтар  бар  болса  сол  арқалығына  әртүрлі белдік  тағып  қойыңыз.Орындыққа    ерекше  сән   береді.
  • Белдіктен  қолға  тағатын  білезік  жасау қазір  сәнге  айналып  барады. Оны жасау үшін  қолыңызға   белдікті  өлшеп  оны  жіңішке  қылып  бұрын  беліңізге  қалай тақтыңыз  қолыңыз да солай таға  аласыз.Моншақтармен  безендірсе  тіпті әдемі көрінеді.
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.