ЛАЙФСТАЙЛ

ҚЫЗДАР КИІМІ. ШАЛБАРДЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАҒАН ДҰРЫС?

Санат: ЛАЙФСТАЙЛ
Уақыты: 25.04.2019
Оқылды: 536 Печать страницы
ҚЫЗДАР КИІМІ. ШАЛБАРДЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАҒАН ДҰРЫС?

Әйел  затының  киімдерінің бірі ол -  шалбар .Оның  түр- түрі бар.Алайда,  бұл  киімді  дұрыс  таңдамасаңыз, жараспай қалуы да ғажап емес.Шалбарды  дұрыс   таңдау  үшін мына  кеңестер  артық  болмас  деген  ойдамыз.

Шалбардың   балақ  жағы кеңейтілген екі  түрі бар.Тізеден  бастап  және   саннан  бастап  кең тұрады.Алайда,  бұл  шалбар  иығы кең  адамдарға  жарасады.Ал, орта жағы кеңейтілгенін яғни,  банан шалбарды ұзын  бойлы арық қыз келіншектер  киіп, ал, толықша келген адамдар   кеңейтілгенін шаровар деп аталатын шалбарды кисе болады.Себебі,шаровардың  белі мен балағындағы  артық енін резеңкемен  жинақтап қояды.Ал, мұқият салынған қыры бар түзу ұзын классикалық  шабар  барлық нәзік жандыларға  жарасады.Онсыз іскерлік костюмді елестету мүмкін емес.Сыбызғы шалбарлар-дене  пішінін қайталайтын ұзын тар шалбарлар.Әйелдер  және   ерлер киімінің соңғы сән үлгілерінде сыбызғы шалбарлар қайтадан үздік орынға ие бола бастады.

Шалбардың тік тігілгені дұрыс және  тым қысып тұрмағаны да абзал.Тік  сызығы бар классикалық шалбарлар сымбатты  етіп көрсетеді.Ал, ұзындығы  аяқ киімнің өкшесімен бірдей немесе сәл ұзын болса, аяғыңыз  ұзын көрінеді.Ал, қазіргі сәндегі қатты қысып тұратын шалбар кигіңіз келсе, міндетті түрде биік  өкшелі аяқ киім кию керек.

Сондай- ақ,  қазіргі сәнде  аяқтың  басына  жетер   жетпес ұзындықтағы  шалбарлар  кейбір қыздарға  жарасады.Кейбіріне  жараспайды. Мысалы кейбір   қыздардың бойы қысқа болғанымен жалпы алғанда аяғы ұзын денесі қысқа болады.Міне,  сондай   қыздарға  бұл  шалбарларды бойының  қысқалығына да қарамастан  киюге  болады.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.