ЛАЙФСТАЙЛ

ҚЫСҚА ТОЛҚЫНДЫ ПЕШ ЖӘНЕ ОНЫҢ БІЗ БІЛМЕГЕН ҚАСИЕТТЕРІ

Санат: ЛАЙФСТАЙЛ
Уақыты: 25.04.2019
Оқылды: 495 Печать страницы
ҚЫСҚА ТОЛҚЫНДЫ ПЕШ ЖӘНЕ ОНЫҢ БІЗ БІЛМЕГЕН ҚАСИЕТТЕРІ

Қысқа толқынды пеш – қазіргі уақытта қыздарымыз бен келіндеріміздің таптырмас көмекшісі. Асығыс уақытта жылдам ас жылытуға (әсіресе таңғы асты) жақсы теника.Алайда, бұл пешіміздің басқа да ойламаған қасиеттері бар екенін білеміз бе?

Мысалға айта кетсек, қабығы ашылмайтын бадам жаңғағын қайнап тұрған суға салып, пеште 30 секунд жылытысаңыз болды, ал түйе жаңғағын (грецкий орех) ыстық суға салып, микротолқынды пешке 4-5 минутқа қалдырыңыз. Сонда қабығы оңайлықпен ашылады.Қабығы қиындықпен ашылатын апельсин не грейпфрутті да суға салып, 30 секунд жылытып оңай аршуға болады. Цитрус жемістерінің шырыны ұнаса, жемісті бірнеше минут пеште қыздырсаңыз, шырынын оңайлықпен сығып ала аласыз.Тіпті қысқа дайындап көк-шөпті, көкөністерді, жаңғақтарды, нанды да кептірсе болады екен. Бәрі де сіздер үшін.

Құлаққағыс болыңыз!

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.