
Дүниежүзілік метрология күні
Бұл күн өркениетті елдердің бәрінде арнайы түрде аталып өтіледі. Атап айтқанда түрлі кездесулер, семинарлар, дөңгелек үстелдер түрінде көрініс тауып, әр ел өздерінің метрология саласында жүргізген жұмыстарының қорытындысын шығарады.
Сондай-ақ өзара тәжірибелерімен бөлісіп, маңызды деген мәселелер талқыға түсіп отырады.
Метрология (грек тілінде metron - өлшем және logos - сөз, ілім) - өлшеу туралы өлшеудің бірлігі мен қажетті дәлдікке жету тәсілдері жөніндегі ғылым.
Метрологияның күрт дамуына 1975 жылы Метрикалық конвенциясының (құрамында 17 мемлекет бар) қорытындысы (Өлшеу мен таразылар және өлшеудің метрикалық эталонын жасаудың халықаралық мекемесі) себепші болды. Қазіргі кездегі метрология физика, химия т.б. жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін пайдаланып, физикалық тәжірбиенің жоғарғы дәлдігіне сүйенеді. Қазақстанда алғашқы метрологиялық мекеме 1923 жылы Семей қаласында ұйымдастырылды. Ол 1925 жылы Семей және Жетісу губернияларындағы таразыларды, гірді, ұзындық пен көлем өлшемдерін тексеруді жүзеге асыратын өз алдына жеке палата болды. Оның бөлімдері Петропавл, Ақтөбе, Алматы қалаларында жұмыс істеді. 1930 жылы палата Алматыға көшірілді. 1974 жылы Алматы қаласында арнайы эталондар сақтайтын ғимарат салынды.
Республиканың метрологиялық қызметінде тексеру жұмыстарын жүргізу үшін 20 жұмыс эталоны (мыс. қысым, температура, масса, ұзындық, электрлік сыйымдылық, электрлік кедергі, түзу, түзу сызық, т.б.) қолданылады. 2000 жылы Қазақстанда мемлекеттік уақыт және жиілік эталоны пайдалануға енгізілді.
Халықаралық травмотология маманының күн
Әлемнің барлық мемлекетінде травматология және ортопедия саласындағы дәрігерлер жыл сайын өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.
Джинс шалбарының туған күні
Осыдан 140 жыл бұрын 20 мамырда Levi Strauss & Co фирмасы джинс матасынан жасалған киімге патент алып, оны тіге бастады.
Бұндай шалбарларды 19 ғ. американдық коубойлары мен алтын іздеушілердің қара жұмыстарына арналған киімі еді.
Кейін, 20 ғ. Батыс мемлекеттерінде жастар киетін шалбарына айналды.
Халықаралық аралар күні
Балды жақсы көрмейтін адам аз шығар. Омартаға бал әкелетін бал арасы екені белгілі. Осы кішкентай бал арасы қанша бал тасуы мүмкін? Өйткені бір омартадан ондаған килограмм бал алынады. Бір келі балға айналатын гүл шырынын жинау үшін бал арасы 300 мың шақырым ұшып, сол кезде 19 миллион гүлге қонуы керек екен. Әрине, мұндай жұмысты бір бал арасы бүкіл ғұмыр бойы атқара алмайды. Жұмысшы ара небәрі 30-35 күн ғана өмір сүреді. Бал арасы өте еңбекқор жәндік. Бір бал арасы сағатына 6,5 км жылдамдықпен ұшып, бір жұмыс күнінің ішінде шамамен 7 мың гүлге қонады.
Бұл мереке 2018 жылдан бастап тойлана бастаған.