
21 мамыр - елімізде шығармашылық адамдарының мәртебесін айқындайтын, маңызы ерекше Мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Бұл атаулы күн 2013 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген болатын.
Мәдениет – ұлттың қуаты, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан рухани болмысы, ақыл-ой, парасаты.
Құрметті мәдениет, өнер саласының қызметкерлері!
Бүгінгі ерекше мереке күні мәдениет пен өнер саласына еңбегі сіңген аға буын өкілдеріне айтар алғысымыз шексіз.
Еліміздің өркендеп-өсуіне, мәдениет биігіне шығармашылық тұрғыдан қызмет етіп, халықты тамаша өнерлеріңізбен қуанта беріңіздер!
Бүгінгі күн – Тәуелсіз Қазақстанның, Мәңгілік Елдің келешегін кемел, болашағын жарқын ететін, ұлттық бірегейлігімізді танытуға үлес қосатын жақсы күн болсын дегіміз келеді.
Баршаларыңызға шығармашылық жолда толағай табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!
Әрдайым абыройларыңыз асқақ, мерейлеріңіз үстем, өнердегі жұлдыздарыңыз жарық болсын демекпіз!
Мереке құтты болсын!