ЛАЙФСТАЙЛ

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 10 маусым

Санат: ЛАЙФСТАЙЛ
Уақыты: 10.06.2019
Оқылды: 409 Печать страницы
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 10 маусым

10 маусымда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін бүкіл әлем Дүниежүзілік балмұздақ күнін атап өтеді. Бұл дата АҚШ-та алғаш рет жаппай балмұздақ сатылған күнге (1786 жылы)   орайластырылған, алайда балмұздақ одан бірнеше ғасыр бұрын пайда болған. Оның алғашқы "үлгісі" мұз немесе қармен араластырылып жеміс-жидектен жасалатын қытайлық десерт болды. Ежелгі гректер мен римдіктер де салқын шырындар мен сүт өнімдерін сүйсіне жеген. Аңыз бойынша Еуропаға балмұздақ рецептін Қытайдан Марко Поло әкелген. XVII ғасырдың соңында Жерар Тирсен (франциялық аспаз) сүт және кілегей қосылған мұздатылған ваниль кремінің рецептін жасады, ол "неаполитандық балмұздақ" деп аталды.  

Сондай-ақ бүгін "Союзмультфильм" киностудиясының туған күні.  Бұл атақты киностудия Мәскеу қаласында 1936 жылдың 10 маусымында ашылғанын біреу білсе, біреу білмес. Алғашқы мультфильм ақ-қара форматта көрсетілгеніне қарамастан бұл кинематография саласында ұлы серпіліс болды. Ол туынды "Африкада күн ыстық" деп аталып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мультипликацияның гүлденуі 1960-1970 жылдарға тұспа-тұс келді. Ол кезде жұрт "Бөбек және Карлсон", "Бремен музканттары" сияқты сериалдарды және, әрине, "Қап, бәлем!" (Ну, погоди!) мультфильмін рахаттанып көрді. Жылдар өте келе мультипликация саласында көп өзгеріс болды, алайда қазір де шынайы таспаланған ескі ертегілерді тамашалаудан жалықпайсың.

Бүгін Шарикті қаламсаптың туған күні аталып өтеді. Кейде бұл мүлдем байқалмайтын мереке болып көрінеді, дегенмен іс жүзінде  мүлде олай емес. Венгр журналисі Ласло Бироның 1943 жылғы өнертабысы адамдардың өмірін жеңілдеткені соншалық, олар талантты жазушыға әлі күнге дейін алғыс айтады. Бұл жаңашылдыққа Ұлыбритания әскери әуе күштерінің басшылығы бірден жоғары баға берді, өйткені ұшқыштар әуеде қауырсын қаламды мүлде қолдана алмайтын. Аузының салымы бар журналист Биро өзінің өнертабысын Аргентинада $ 1 миллионға сатып, оған  атақты Eversharp  компаниясын сатып алды. Ол осындай әмбебап және қолайлы қаламсаптарды жаппай өндіре бастаған.


 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.