
Бүгін - Гавай аралдарында Камеамеа патшасының күні. Бұл мейрамды 1871 жылы патша V Камеамеа өз атасы, Гавай аралдарында Ұлы Камеамеа ретінде белгілі - I Камеамеаның құрметіне қабылдады. Алғаш рет мереке 1872 жылы тойланған.
Сонымен қатар, бүгін Ресейде шашыраңқы склероз күні аталып өтеді. Шашыраңқы склероз дертіне шалдыққанда ми мен жұлындағы жүйке талшықтарының миелин қабықшасы зақымданады. "Шашыраңқы склероз" деген атаудың кәрілік кездегі склерозға қатысы жоқ. Мұнда "склероз" - "тыртық" дегенді, ал "шашыраңқы" көптік мағынаны білдіреді. Жүйке талшығы құрылымының үздіксіз бұзылуы науқасты мүгедек адамға айналдырады. Алғаш рет шашыраңқы склероз күні Ресейде 2010 жылы аталып өтті.