ЛАЙФСТАЙЛ

Адам ұйықтап бара жатып неге селт ете қалады?

Санат: ЛАЙФСТАЙЛ
Уақыты: 18.06.2019
Оқылды: 561 Печать страницы
Адам ұйықтап бара жатып неге селт ете қалады?

Адам ұйықтап бара жатып өздігінен селт етуінің бірнеше себебі бар. Соның бірі адам тез ұйқыға еніп, тыныс алуы баяулағанда ағза «адам өліп бара жатыр» деп ойлап қалуы әсерінен қорғаныш қызметі автоматты түрде қосылады. Ми лефлекторлық деңгейде аяқ-қолға жиырылып, «адамды оят» деген белгі береді. Ол ұйықтап кету мен өліп кету арасындағы айырманы білмей, өзін –өзі сақтау инстинкті әрдайым іске қосылады. Сол себепті «селт» еткен денеден адам жылдам оянып, бәрі дұрыстығын анықтау үшін оянады. Ойдағыдай екеніне көз жеткен адам қайта ұйықтап кетеді. Мұның алдын алу үшін ұйықтар алдында денені бос ұстап, байсалдылықпен ұйқыға ену керек. Мысалы, ыстық ваннаға қабылдап, массаж жасатып, миға күш түсірмей, тынығу керек. Адам денесі суықтан қатты дірілдеуі де мидың қорғаныш қызметтерін қосып, механизмдерді қосу әрекетінен іске асады. Яғни, бұлшық еттердің жиырылуы арқылы энергия бөлініп, дене жылынады.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.