ЛАЙФСТАЙЛ

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 28 маусым

Санат: ЛАЙФСТАЙЛ
Уақыты: 28.06.2019
Оқылды: 424 Печать страницы
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 28 маусым

Бүгін Қазақстанда Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні аталып өтеді. Әуелде бұл мейрам Журналистика күні деген атаумен тәуелсіз Қазақстанда 10 мамырда тойланатын. Себебі дәл осы күні алғашқы қазақ тілді "Түрікстан уәлаяты" газеті басылып шыға бастаған еді. Алайда 10 мамыр қазақстандық журналистика тарихына кәсіби мереке ретінде енбей қалды. Кейін Қазақ КСР-нің "Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңы қабылданған күнге орай журналистер мерекесі 28 маусымға ауыстырылды. Көп ұзамай мейрам Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні деген атау алды.

2019 жылдың 24 маусымында Қазақстан президентінің арнайы қаулысымен үкіметке журналистердің кәсіби мерекесін бекіту туралы тапсырма берілді. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл БАҚ-тың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын әділ шешім болмақ.

Украина халқы мемлекеттік мереке – Конституция күнін атап өтеді. Бұл дата 1996 жылы 28 маусымда Украина Жоғары Радасының тәуелсіз мемлекеттің жаңа Конституциясын қабылдау құрметіне бекітілді. Украина Конституциясының жоғары заңдық күші бар. Бұл елде барлық заң мен нормативтік-құқықтық актілер Ата заңның негізінде қабылданады. Сондықтан Украина Конституциясының қабылдануы адам құқықтарын қамтамасыз етуде маңызды қадам болды. 1996 жылғы Конституция Украинада әлі де қолданыста, Ата заңға кейбір өзгерістер мен толықтырулар да енгізілді.


 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.