
Бүгін - Дипломатиялық қызмет күні. Ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылы 1 шілде күні қол қойылған "1998 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан президенті жарлығына толықтырулар енгізу туралы" жарлығына сәйкес аталып өтеді.
Сонымен бірге бүгін Халықаралық спорт журналистерінің күні тойланады. Бұл күн Халықаралық спорт баспасөз қауымдастығының бастамасымен 1995 жылдан бастап аталып өтіп келеді.
Және де бүгін - Дүниежүзілік уфологтар күні. 2 шілдеде бүкіл әлемде беймәлім ұшатын нысан күні немесе уфологтар күні тойланады.
Сонымен қатар бүгін Халықаралық иттер күні тойланады. Ит – жеті қазынаның бірі, адамның досы. Ақылды жануар ыммен және сөзбей айтылған 250 бұйрықты орындай алады екен. Иттердің ойлау қабілеті 2 жастағы баланыкімен бірдей.