
Беларусьте мемлекеттік мейрам - Тәуелсіздік күні. 1996 жылы осы елдің президенті Александр Лукашенко Тәуелсіздік күнін елді фашистік Германиядан азат еткендердің құрметіне орай шілденің 3-інде атап өтуге жарлық шығарды. Жыл сайын бұл күні әскери парад ұйымдастырылады.
Хакасия Республикасы ұлттық күні - "Хакас Чирі" мерекесін атап өтеді. Бұл мейрам республиканың 1992 жылдың 20 қазанындағы "Хакасия Республикасы күні туралы" заңымен бекітілген.
Алжирде Тәуелсіздік күнін тойлайды.
1936 жылдан бері Ресейде жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік инспекция күні аталып келеді. Сол жылы 3 шілде күні КСРО Халық комиссарлары кеңесі автомобиль инспекциясын құру туралы ережені қабылдады. Бастапқыда құрылымның құзіретіне шопырларды даярлау мен тәрбиелеу, сондай-ақ жол-көлік апаттарымен күресу міндеттері жатқан. Алғашқы жылы МАИ-дың штатында 57 адам болыпты.
Сондай-ақ, бүгін - Алтай Республикасының құрылған күні. 1991 жылы Ресей Федерациясының құрамындағы Таулы Алтай автономды облысы республика мәртебесін алды. Мемлекет оңтүстік-батысында Қазақстанмен шектеседі.