
Бүгін Францияда Виши режимінің нәсілшілдік және антисемитизм құрбандарын еске алады. Аталған күн 2000 жылы Францияның ұлттық жиналысының шешімімен ресми түрде бекітілген болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында құрылған Виши нәсілшілдік режимінің полициясы 1942 жылы 16 шілдеде Францияның тегі еврей 13 мыңға жуық азаматын Париж велодромына айдап шығып, гитлершілердің қолдарына тапсырған.
Бұдан бөлек, 16 шілде күні Халықаралық жылан күні аталып өтеді. Улы жыланның түрлері көп. Алайда осы санаттағы бауырымен жорғалаушылардың пайдасы да жоқ емес. Мәселен, жыланның уын медицинада қолданады. Ал жылан-роботтар құтқару шараларына қатысып, ғарышқа дейін ұшырылады.
Ал гурмандар дәмді тамақ күнін тойлайды. Сондай-ақ, бүгін – Асфальтта сурет салу күні. Мамандардың айтуынша, асфальтта сурет салу арқылы адамдардың өмірін өзгертуге болады. Себебі ондай шығарманы көп адамдар көреді.