ЛАЙФСТАЙЛ

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 22 шілде

Санат: ЛАЙФСТАЙЛ
Уақыты: 22.07.2019
Оқылды: 401 Печать страницы
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 22 шілде

Бүгін Бүкіләлемдік ми күні аталып өтеді. Бұл датаны Дүниежүзілік неврология федерациясы бекіткен болатын. Неврология – орталық және периферикалық нерв жүйесінің, соның ішінде адамның жүйке жүйесінің басты органы – ми ауруларын анықтап, алдын алумен айналысатын медицинаның бөлімі. Соңғы жылдары бас миын зерттеуде елеулі прогресс байқалғанымен, ғалымдар үшін мидың жұмысы әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр. Бүкіләлемдік ми күні, ең алдымен, халықты ми мен жүйке жүйесінің кең таралған ауруларынан хабардар етуге арналған.

2017 жылы спортқа арналған халықаралық даталардың қатары тағы бір мерекемен толықты. 2018 жылдан бастап жыл сайын 22 шілдеде Халықаралық бокс күні аталып өтеді. Бокс (ағылшынның Boxing сөзінен шыққан) – екі спортшының былғары қолғап киіп, жұдырықтасатын спорт түрі. Жекпе-жек 12 раундқа созылады, ал рингтегі қарсыластардың айқасын төреші бақылайды. Жеңімпаз нокаут немесе техникалық нокаут кезінде анықталады. Егер белгіленген раундтан кейін жекпе-жек аяқталмаса, жеңімпазды төрешілер анықтайды.

Бокстың қазіргі түрі Англияда 18 ғасырдың басында пайда болған, ал Олимпиада қозғалысынан кейін бокс 1920 жылы олимпиадалық спорт түрлерінің тізіміне енді.


 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.