ЛАЙФСТАЙЛ

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 25 шілде

Санат: ЛАЙФСТАЙЛ
Уақыты: 25.07.2019
Оқылды: 353 Печать страницы
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 25 шілде

2014 жылдан бері Ресейде Тергеу органдары қызметкерінің күні аталып өтеді. Бұл – Ресей Федерациясы Тергеу комитеті, ішкі істер министрлігінің тергеу бөлімдері, Федералды қауіпсіздік қызметі және атқарушы биліктің тағы басқа тергеу органдарының қызметкерлері мен жұмысшыларының кәсіби мерекесі. Мейрам ретінде дәл осы күннің таңдалуына тарихи оқиға себеп болды. 1713 жылы 25 шілдеде Петр I жарлығымен Ресейдің алғашқы мамандандырылған тергеу органы – тергеу кеңсесі құрылды.

Коста-Рикада бүгін тарихи мереке – Гуанакастенің қосылуы күні тойланады. Мереке 1824 жылы Никарагуаға тиесілі Гуанакасте провинциясының ерікті түрде Коста-Рика құрамына қосылуы құрметіне қабылданды. Бұл оқиға 1825 жылы 25 шілдеде жергілікті референдумда расталды. Гуанакасте провинциясы алуан түрлі ән және биге бай фольклорымен көпшілікке танымал. Мейрамды Коста-Риканың бүкіл тұрғыны тойлайды. Әсіресе бұл күнді балалар асыға күтеді. Олар мектепке ұлттық киім киіп, гүл және шар ұстап барады.

Ямайкада бүгін Ұлттық бахаи күні аталып өтеді. Бұл мейрамды тойлауды 2003 жылы Ямайканың генерал-губернаторы, сэр Говард Кук ұсынған болатын, содан бері мереке аралдың ерекше дәстүріне айналды. Мейрам Ямайка аралындағы бахаи қауымына ғана емес, басқа да діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлерге арналған. Ямайканың астанасы Кингстонда өтетін басты мерекеге дінаралық кеңестің әртүрлі дін өкілдері келеді: мұсылмандар, христиандар, буддистер, инудистер және тағы басқалары.


 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.