
Бүгін – Халықаралық достық күні. Бұл – күнтізбедегі ең жас мерекелердің бірі. Оны атап өту туралы шешімді БҰҰ Бас Ассамблеясы 2011 жылдың 27 сәуірінде өткен 65-інші сессиясында қабылдады. Оған мәдениет және бейбітшілік саласындағы іс-қимыл декларациясы мен бағдарламасы, сондай-ақ 2001-2010 жылдарды қамтыған бүкіл ғаламшардың мүддесі үшін бейбітшілік мәдениеті мен зорлық-зомбылықсыз халықаралық онжылдық себеп болды.
Сондай-ақ, Дүниежүзілік адам саудасымен күрес күні аталып өтеді. Оны да БҰҰ Бас Ассамблеясы осыдан алты жыл бұрын бекіткен болатын.
Ал Марокко корольдігінде ұлттық мейрам – Тақ күні. Оны 19 жыл бұрын VI Мұхаммед таққа отырған күннен бастап тойлап келеді.
Вануату Республикасы да ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнін атап өтіп отыр. Вануату – Тынық мұхитының оңтүстік-батыс бөлігіндегі аралдарда орналасқан мемлекет. Әкімшілік жағынан 11 округке бөлінеді. Астанасы – Порт-Вила қаласы. Ресми тілі – бислама (пинджин), ағылшын және француз тілдері. Ақша бірлігі – вату.