
Дүниежүзілік фотосурет күні – ерекше әрі көңілді мереке, ол бүкіл әлемде аталып өтеді. 19 тамыз кездейсоқ таңдалған жоқ: 1893 жылы дәл осы күні әлем алғаш рет арнайы технология бойынша алынатын фотосурет прототипі туралы білді. Бұл ғажайып өнертабыс болашақ ұлы химик-өнертапқыш, талантты Луи Жак Манде Дагерге тиесілі. Айта кету керек, мұндай перспективалы инновацияның патентін Франция үкіметі сатып алған. Дүниеге және айналадағы ақиқатқа басқа көзбен қарай білетіндердің барлығы ерекше сәттерге көңіл бөліп, Дүниежүзілік фотосурет күнін қуанышпен атап өтеді. Олардың еңбегінің жемісін шынайы бағалайтындар мен ғажайып көріністерден ләззат ала білетіндер осы қуанышты бөліседі.
АҚШ-та бүгін Ұлттық авиация күні аталып өтеді. Мерекені 1939 жылы президент Франклин Делано Рузвельт өнертапқыш, ұшақ конструкторы және ұшқыш, ағайынды Райттардың бірі Орвил Райттың туған күнінің құрметіне белгіледі. Ағайынды Уилбур мен Орвил Райт авиацияның ізашарлары болып саналады, әлемнің көптеген елінде олар әлемдегі алғашқы ұшуға қабілетті әуе кемесін ойлап тауып, құрастырғанын мойындайды. Ағайынды Райт сынақ ұшағын құрастырып, онымен бірінші болып ұшпағанына қарамастан, олар әуеде мұндай ұшуды бірінші болып басқарды. Басқа авиаторлар арасындағы патент соғысына қарамастан, ағайынды Райт авиацияның дамуына сөзсіз үлес қосты. Штаттарда Ұлттық авиация күні Орвил Райттың көзі тірісінде тойлана бастады (Орвилл 1948 жылы қайтыс болды). АҚШ-тағы басқа еске алу күндері секілді, ол жыл сайын президенттің үндеуімен жарияланады.
Бүгін – орыс жолақ жейдесінің туған күні. Бұл ресми емес мереке, дегенмен Ресейде оны өте қатты жақсы көреді және құрметтейді. Әсіресе бұл мереке Санкт-Петербургте кеңінен тойланады, ол мұнда бұрынғы және қазіргі теңізшілер үшін, өздерін нағыз ер азамат және Отан қорғаушы деп санайтын десантшылар үшін дәстүрлі мерекеге айналған. Неліктен бұл мереке 19 тамызда аталып өтетіні көпшілікті қызықтырса керек. 1874 жылы император Александр II орыс теңізшілері үшін жаңа форма енгізу туралы ең жоғарғы жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар, жолақ жейде міндетті атрибут болды және барлық дәрежедегі әскери қызметшілерге бірден ұнады. Жолақ жейде жүннен немесе мақтадан жасалған матадан ақ және көк жолақтармен тігілді. Бұл киімді тігетіндерге белгілі бір талаптар қарастырылған, мысалы, оның салмағы шамамен 344 грамм болуы керек, ал жолақтарының ені қатаң түрде реттелді. Жолақ жейде – теңізшілер мен десантшылар киімінің ыңғайлы және функционалды бөлшегі, сондықтан осы және ескі дәстүрлердің арқасында ол жылдар бойы танымалдығы мен өзектілігін жоғалтпады.