ЛАЙФСТАЙЛ

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 30 қыркүйек

Санат: ЛАЙФСТАЙЛ
Уақыты: 30.09.2019
Оқылды: 355 Печать страницы
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 30 қыркүйек

Жыл сайын 30 қыркүйекте көптеген елде ауызша және жазбаша аудармашылардың кәсіби мерекесі – Халықаралық аудармашы күні аталып өтеді. Аудармашылар болмаса, әдебиет және кино өнерінің көптеген туындысы, ғылым мен техниканың жетістіктері қолжетімді болмас еді, әлем елдерінің адамдары бір-бірімен сөйлесе алмас еді… 

Солай бола тұра, аудармашылардың кәсіби мерекесі тек 1991 жылы пайда болды, жыл сайын бұл күнді мерекелеу аясында әр түрі баспасөз конференциялары, көрмелер, тренингтер мен семинарлар өткізіледі. 

Сондай-ақ, әлемнің көптеген елінде Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен қыркүйектің соңғы күнінде Халықаралық керең-мылқаулар күні аталып өтеді. Мерекені 1951 жылы Халықаралық керең-мылқаулар федерациясы қолданысқа енгізді. Көптеген елде саңырау адамдар қоғамының қалыптаса бастауы мен дамуына саңырауларға арналған мектеп түлектерінің  кездесуі мен күш біріктіруі ықпал етті.   

Бұл күні Ботсвана Республикасының Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні тойланады.

 1978 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 10-сессиясының шешімімен Бүкіләлемдік теңіз күні қабылданған. Бүкіләлемдік теңіз күнінің мақсаты – теңіздер мен мұхиттарда балықты шектен тыс аулаудың, суаттарды ластау мен жаһандық жылынудың қаншалықты орны толмас зиян шектіретініне халықаралық қоғамдастық назарын аудару.


 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.