ЛАЙФСТАЙЛ

Сурет арқылы тағамның құнарлылығын анықтайтын мобильдік қосымша пайда болды

Санат: ЛАЙФСТАЙЛ
Уақыты: 30.09.2019
Оқылды: 307 Печать страницы
Сурет арқылы тағамның құнарлылығын анықтайтын мобильдік қосымша пайда болды

Канаданың МакГилл университетінің программистері тағамының әрбір калориясын есептейтіндерге арналған мобильдік қосымшаны таныстырды.

Аталмыш қосымша тағамның фотосын түсіргеннен кейін, оның құрамындағы азық-түлікті анықтауға кіріседі. Артынша ингредиенттердің тізімін, олардың мөлшерін, тағамдық құнарлылығын, бұдан бөлек тағамдағы май, ақуыз, көмірсу, тұз, холестерин мөлшерін, тіпті кейбір дәруменді де анықтап беретін көрінеді.

Қосымшаның анықтау дәлдігі ­­– 80%.

 

Қосымшаның сипаттамасы arXiv порталында толығырақ сипатталған.

Бұған дейін канадалық инженерлер селфи арқылы артериалық қысымды өлшеп беретін мобильдік қосымшаны ойлап тапқаны хабарланған болатын.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.