
Бүгін сыпайы жандардың күні. Алғаш рет "мәдениетті адамдар" сөз тіркесі 2014 жылы 28 ақпанда Борис Рожиннің блогында пайда болды. Ол бұлай 2014 жылы ақпан-наурыз айларында Қырымды қоршау кезінде өздерін таныстырмастан тұрғындармен сыпайы сөйлескен жандарды атаған болатын.
2014 жылдың 16 наурызында Қырым жартылай аралының статусына қатысты референдум өтті. "Мәдениетті адамдар" осы референдумға қатысып, еркін пікір білдіргілері келгендерді қорғады. Саяси шолушы А. Кондрашовтың "Қырым. Отанға апарар жол" фильмінде "мәдениетті адамдардың" қайдан пайда болғандары және олардың мақсат-мұраттары туралы айтылды.
Сондай-ақ, 7 қазан — жылы заттарды еске алатын күн. Әсіресе, бұл үйінде от қосылмаған жандар үшін өзекті болмақ. Мұндайда жылы сөздер айтып қана қоймай, сандықтан жылы пальто, етік, бас киім және мойынорағышты шығарған жөн.
Келесі мереке айнаның алдында ұзақ тұрғанды немесе суретке түскенді ұнататын жандарға арналмақ — адамның өзін-өзі жақсы көретін күн. Айтпақшы, психологтар соңғы кезде ер азаматтардың да бұл "мәселеге" келгенде нәзік жандылардан қалыспайтындарын айтып жүр.