ЛАЙФСТАЙЛ

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 қазан

Санат: ЛАЙФСТАЙЛ
Уақыты: 14.10.2019
Оқылды: 371 Печать страницы
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 қазан

Бүгін қонжық Винни-Пухтің туған күні. Өйткені 1926 жылы дәл осы күні Кристофер Робин Милннің сүйкімді серігі туралы алғашқы кітап жарыққа шыққан еді. 

Кейбірі шығарма кейіпкерінің туған күнін 1921 жылдың 21 тамызы деп санайды. Бұл күні Лондон драматургі Алан Милн сүйікті ұлына жұмсақ ойыншық қонжық сыйлаған екен. Кристофер оны Винни-Пух деп атап, сол сәттен бастап қонжық оның досына әрі серігіне айналады. Баласының ойыншық қонжығымен ойынын сырттай бақылап жүрген әке Винни-Пух туралы бірнеше кітап жазуға бел буады. 

Рождество қарсаңында, 1925 жылдың 24 желтоқсаны, Лондонның London Evening News газетінде шығарманың бірінші бөлімі жарияланады. Ал бір жылдан кейін жеке кітап болып басылады. Алан Милннің қонжық Винни-Пух туралы шығармасы көптің көңілінен шығып, оқырмандар оның жалғасын асыға күтеді. 

Шығарманың танымал болғаны соншалық, әлемнің 25 тіліне аударылды. 

Сондай-ақ, бүгінгі күн Бүкіләлемдік батпырауықтар күні ретінде танымал. Бұл күні бүкіл әлемде адамдар батпырауықтарды аспанға ұшырып, мәре-сәре болады. Батпырауықтар туралы дерек алғаш рет көне қытай жазбаларында кездеседі. 

Беларусь халқы Ана күнін атап өтеді. Мереке әйелге деген зор құрметтен бастау алады. 

 

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.