
БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ассоциациясының бастамасымен 16 қазан халықаралық нан күні болып белгіленді. Өткен ғасырдың 50-жылдары халықаралық наубайшылар ассоциациясы өкілдері ойлап тапқан идея 1979 жылы БҰҰ отырысында мақұлданды. Осылайша нан пісірушілердің өздерінің кәсіби мерекелері пайда болды.
Орташа есеппен адам өмірінде 7 тонна нан мен 35 мың тоқаш жейді. Сол себепті "Ас атасы — нан" деген сөз бекер айтылмаса керек. Көптеген мемлекетте бұл күні адамдар киімдерін түрлі-түсті гүлдермен безендіріп, нан туралы жаңылтпаш айтып жарысады. Бұдан өзге 16 қазан күні әлем жұрты халықаралық дұрыс тамақтану күнін атап өтеді. Гиппократ бір кездері "Сіздің асыңыз дәріге, ал дәрі асыңызға айналсын!" деп айтқан-ды.