
22 қазанда Ресейде соғыс кезінде майжаң алаңында және қарулы қақтығыс кезінде қаза тапқан адамдарды еске алуға арналған Ақ тырналар мерекесі аталып өтеді. Бұл мереке ақын Расул Гамзатовтың бастамасымен жыл сайын тойланып келеді. Мерекені басты мақсаты Отан үшін жанын пида еткен батырларды еске алып, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу ғана емес, Ресей тұрғындарының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын нығайту. Мерекенің атауы Руслан Гамзатовтың Марк Бернес әнге қосып орындаған "Ақ тырналар" өлеңінен шыққан.
Сонымен бірге бүгін Халықаралық Caps Lock батырмасының күні.
Бәрімізге белгілі, пернетақтадағы осы батырманы бассаңыз, барлық әріптер бас әріппен жазылады. Бастапқыда бұл батырма үнемі үлкен әріппен мәтін жазатындар үшін ойлап табылған еді, себебі қайта-қайта Shift батырмасын баса беру мүмкін емес. Кейінірек интернетте CAPS LOCK батырмасына қарсы қозғалыс басталды. Адамдар әлі күнге дейін осы батырма керек пе, жоқ па деп дауласып жүреді. 2001 жылы Швецияда батырмаға қарсы қоғамдық кампания құрылды, акцияның мақсаты компьютер шығарушылардан осы батырманы алып тастауды талап ету болатын. Дау әлі біткен жоқ, батырма да орнында.