
1991 жылдың 23 қазанынан бастап таңғы 06:02 мен кешкі 06:02 арасында химиктер Моль күнін атап өтеді, бұл мереке Халықаралық бірліктер жүйесінде зат мөлшерінің өлшемін білдіретін бірлікке арналған.
Осы шама туралы идея алғаш рет 1980-ші жылдары The Science Teacher газетінде жарық көрді. 1991 жылы 15 мамырда Prairie du Chien (Висконсин) қаласының химия пәні мұғалімі М. Ойлер осы идеяның негізінде Моль күнінің Ұлттық қорын құрды. Кейінірек химиктер осындай мерекені атап өтуді шешіпті. Күнді таңдағанда Авогадро санына сүйенсе керек — 6,02х1023. Цифрлар мерекенің күні мен уақытын көрсетеді.
Ресейде бүгін жарнама қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтайды. Бұл мерекенің тарихы 1994 жылдан басталады. Сол кезден бері біздің санамызда "жарнама" деген ұғым пайда болды, оған дейін пиар-менеджер, маркетолог, креатив қызметкер сияқты мамандықтар жайында көп ешкім біле бермейтін.
23 қазанда қар барысы мекендейтін елдерде Халықаралық қар барысы күні аталып өтеді. Бұл мереке 2013 жылы Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен қар барысын қорғау туралы Дүниежүзілік форумда қабылданған болатын. Мерекенің негізін қалаушылар осы күннің көмегімен қар барысы жануарын қорғауға, олардың тіршілік ететін мекендерінің проблемаларына қоғам назарын аударуды көздейді.