
Бүгін – Біріккен Ұлттар ұйымы күні. БҰҰ биыл 70 жылдығын атап өтіп жатыр. Бүгінде ұйым құрамында 193 мемлекет бар. БҰҰ – бітімгер ұйым, осы ұйымның жұмысының арқасында елдер арасындағы дау-жанжал, текетірестің алдын алу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, ол қиын жағдайда қалған мемлекеттерге қол ұшын созады. БҰҰ эмблемасы – бидай масақтарымен қоршалған жер шары.
Сондай-ақ, бүгін Ұлттық жүйкеге тию күні аталып өтеді. "Жүйкеге тию" тіркесін ежелгі заманның дәрігерлері ойлап тапқан екен. Өйткені ақхалаттылар жүйкені музыкалық аспаптардың ішегіне ұқсатқан.
Тағы бір қызықты мерекенің бірі – Мейірімді әрі жомарт бастықтар күні. Бұл күні жұмыстан ерте кетуге бола ма, болмай ма, басшылық сыйақы бере ме, бермей ме, – ол жағын біз білмейміз. Десе де бастығыңызды төл мерекесімен құттықтаған абзал, бәлкім, жолыңыз болып қалар.
Бүгін, сондай-ақ, Бүкіләлемдік дәретхана күні. Бұл мерекенің қалай тойланатыны бізге беймәлім. Тек осы маңызды дата туралы біліп жүрсеңіздер жеткілікті. Неге маңызды деген сұрақ туындап отыр ма? Себебі адам өз өмірінің үш жылын дәретханада өткізеді. Айтпақшы, осы орайда айта кететін бір қызықты факті – әлемдегі ең керемет унитаз таза алтыннан жасалған. Оны Гонконг зергерлерінің федерациясы елге турист тарту мақсатында жасапты.