ЛАЙФСТАЙЛ

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 25 қазан

Санат: ЛАЙФСТАЙЛ
Уақыты: 25.10.2019
Оқылды: 342 Печать страницы
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 25 қазан

25 қазан күні Беларусь халқы Диірменшілер күнін атап өтеді. Диірменшілердің еңбегі әрдайым жоғары бағаланатын. Өйткені күз келіп, барлық дәнді дақыл жиналған кезде, ұнның сапалы, тиісінше жейтін нанның дәмді болуына жауап беретін солар. Заманға қарай нан пісірудің әдіс-тәсілдері өзгергенмен, Беларусьте әлі күнге дейін жел және су диірмендерін кездестіруге болады. Бұрынғы заманда диірменмен байланысты мистикалық әңгімелер мен наным-сенімдер көп болған. Мәселен, желсіз, тымық күні диірменнің қалағын мыстан кемпірлер айналдырады деген наным бар. Бұған қоса, олар диірменшілерге бидай салынған ауыр қаптарды тасуға көмектеседі-міс. Ал диірменшілер алғыс ретінде өздерінің "қамқоршыларына" диірменнің бір түкпірінен орын береді екен деседі. 

Сондай-ақ, бүгін Ресейде Кеденшілер күні. Ресейде алғашқы кеден жарғысы 359 жыл бұрын пайда болғанын көбісі біле бермейді. Сол кезден бері 25 қазан ресейлік кеден тарихында айтулы дата болып қалды. Үш жарым ғасыр бұрын дәл осы күні патша Алексей Михайлович Мәскеу мен Ресейдің басқа қалаларында кеден алымын жинау туралы жарлық шығарды. 

Ресейдің қазіргі кедені әлемдік стандарттарға сай жұмыс істейтінін дәлелдеді. 1995 жылы Ресей президенті осы күнді мерекелеу туралы жарлық шығарды. Бүгінде террорлық қауіп-қатерлер кеден органдарының жұмысын қиындап отыр, сондықтан оларға қойылатын талаптар да жоғары. Кеден бақылауында жаңа технологияларды меңгеру, ақпараттық жүйелерді жаңғырту бағдарламаларын іске асыру, декларациялаудың электронды формасы мен электронды сандық қолтаңбаға ауысу кеден бөлімшелерінің жұмысын жетілдіруге үлкен үлес қоспақ..


 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.