
Жыл сайын осы күні әлем халқы ескі суреттерді түгендеу мерекесін атап өтеді. Бұл күнді естеліктер мерекесі деп те атауға болатын сияқты. Себебі қалың альбомдардың арқасында жасы үлкендер өткен өмірлеріндегі ең қызықты сәттерді еске түсіріп жатады. Әр адамның балабақшаға, мектепке барарда, диплом алған кезде түскен суреттері бары сөзсіз.
Бүгінде көп адам суреттерді бұрынғыдай басып шығара бермейді. Десе де, мұнда тұрған ешнәрсе жоқ. Суреттерді телефоннан немесе өзге де сақтауға арналған құрылғылардан көре беруге болады.
Ресей мен Мәскеудің басты символдарының бірі — Останкино телемұнарасы. 2018 жылы ол өзінің 51-жылдығын атап өтіп жатыр. Осы архитектуралық ескерткіштің туған күні 5 қарашада. 1968 жылы телемұнара салынып біткенде Еуропадағы бірінші, ал жер бетіндегі екінші ең биік мұнара болатын. Оның биіктігі 540 метрді құрайды.