ЛАЙФСТАЙЛ
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 11 маусым |
Бүгін - Гавай аралдарында Камеамеа патшасының күні. Бұл мейрамды 1871 жылы патша V Камеамеа өз атасы, Гавай аралдарында Ұлы Камеамеа ретінде белгілі - I Камеамеаның құрметіне қабылдады. Алғаш рет мереке 1872 жылы тойланған. Сонымен қатар, бүгін Ресейде шашыраңқы склероз күні аталып өтеді.Шашыраңқы склероз дертіне шалдыққанда ми мен жұлындағы жүйке талшықтарының миелин қабықшасы зақымданады. "Шашыраңқы склероз" деген атаудың кәрілік кездегі склерозға қатысы жоқ. Мұнда "склероз" - "тыртық" дегенді, ал "шашыраңқы" көптік мағынаны білдіреді.Жүйке талшығы құрылымының үздіксіз бұзылуы науқасты мүгедек адамға айналдырады. Алғаш ретшашыраңқы склероз күні Ресейде 2010 жылы аталып өтті. |
Толығырақ... Оқылды: 449 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 11.06.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 10 маусым |
10 маусымда қандай қызықты оқиға болды Бүгін бүкіл әлем Дүниежүзілік балмұздақ күнін атап өтеді. Бұл дата АҚШ-та алғаш рет жаппай балмұздақ сатылған күнге (1786 жылы) орайластырылған, алайда балмұздақ одан бірнеше ғасыр бұрын пайда болған. Оның алғашқы "үлгісі" мұз немесе қармен араластырылып жеміс-жидектен жасалатын қытайлық десерт болды. Ежелгі гректер мен римдіктер де салқын шырындар мен сүт өнімдерін сүйсіне жеген. Аңыз бойынша Еуропаға балмұздақ рецептін Қытайдан Марко Поло әкелген. XVII ғасырдың соңында Жерар Тирсен (франциялық аспаз) сүт және кілегей қосылған мұздатылған ваниль кремінің рецептін жасады, ол "неаполитандық балмұздақ" деп аталды. Сондай-ақ бүгін "Союзмультфильм" киностудиясының туған күні. Бұл атақты киностудия Мәскеу қаласында 1936 жылдың 10 маусымында ашылғанын біреу білсе, біреу білмес. Алғашқы мультфильм ақ-қара форматта көрсетілгеніне қарамастан бұл кинематография саласында ұлы серпіліс болды. Ол туынды "Африкада күн ы... |
Толығырақ... Оқылды: 423 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 10.06.2019 |
Бай адамдардың ең басты 4 мотиваторы |
Дүниеге келгеннен кейін адамның жетістікке жетуге толық мүмкіндігі бар. Алайда байлық, мансап әркімнің уысына түсе бермейді. Себебі қалағанына қол жеткізу әр адамның құлшынысында жасырулы. Құлшыныстың оянуы, тұрақтауы үшін әлбетте жігер керек. Әлемдегі жетістікке жеткен адамдардың барлығына ортақ мотиворлар болған. Олар жайлы білгіңіз келе ме? №1. “Қажет екендігіңді” сезіну Егер жұмыста сізден біреу келіп ақыл-кеңес сұраса, сізден дұрыс бағыт ала білсе, көңіліңізге жағады. Бұл – ешқандай да менменсу, тәкаппарлану емес. Адам өзінің қоғамға, әлемге керек екендігін сезінуі керек. Сондай-ақ қоғамның қандай өкіліне болмасын өзгелердің пікірі маңызды рөл атқарады. Егер адам өзгелерге қажет екендігін сезінетін болса, ол ешқашан қолды бір сілтеп, күйзеліске түспейді. Өйткені ол “керек адам” әрі оның қызметі – қоғамның маңызды бөлшегі. Бұл тек қызметкерлерге ғана емес, үйбикесі болып отырған әйелдерге, барлық адамдарға тән болуы тиіс ерекшелік.... |
Толығырақ... Оқылды: 388 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 10.06.2019 |
Жақсы пиар маман болудың 10 ережесі |
Қоғаммен байланыстың кез-келген салада алар орны ерекше. Пиар маман бұл саланы меңгеріп қана қоймай, біз ұсынғалы отырған қағидаларды да ұстануы өте маңызды. Олай болса, сіздерге жақсы пиар маманы атанудың 10 ережесін ұсынамыз. Аңыз адам ретінде қалыптасыңыз Егер сіз белсенді болғыңыз келсе, әуелі өзіңіз қызықты бола түсіңіз. Өмірбаяңызға өзіңіз туралы қызықты деректерді қосыңыз. Мысалы, жетістіке қалай жеткеңізді, ата-анаңыздың махаббаты қандай екенін айтып беріңіз. Бауырларыңыз бен өмірде кездескен қиындықтарыңыз туралы да жазыңыз. Көп жетістке жеткен жандар аула сыпырушы болғанынан бастап, қалай байығанына дейін баяндап отырады. Өзіңнен ештеңе аямаңыз Танымал тележүргізуші Андрей Малахов: «Егер менде қосымша ақша болса, мен оны өзіме жұмсаймын» дейді. Киген киіміңізбен сыртқы болмысыңызға аса мән беріңіз. Айналаңызды адал жандармен толықтырыңыз Спортшы, музыкант немесе сахнаға шығатын адамдардың жанында әркез менеджері, баспасөз өкілі немесе PR... |
Толығырақ... Оқылды: 423 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 10.06.2019 |
ЖАЗҒА АЙНАЛҒАН КЕҢЕСТЕР |
Жаз–ересектердің де, балалалардың да демалысқа шығып, тынығып, жан мен тәнді сауықтыратын ғажайып жыл мезгілі.Бұл кезең – ағзаның керегін түрлі дәруменге толы жеміс-жидек, көкөністермен толықтырып, денені қыстың суығына арнап дайындау үшін таптырмас қолайлы уақыт. Сонымен бірге, күн сәулесін мөлшерден көп қабылдау немесе демалыс уақытына тиімді жоспар құрмау көңіл-күйіңізді түсіріп қана қоймай, жыл бойы асыға күткен демалысыңыздың шырқын бұзуы мүмкін. Төмендегі кеңестерге назар аударсаңыз, аталмыш қателіктерге бой алдырмасыңыз анық. Жазда жеміс-жидек пен көкөністіңмол болады.Бағасы да қолжетімді, өте жиі қолдана аламыз. Сондықтан белгілі бір уақытқа ет өнімдерін өте аз мөлшерде қолдансаңыз жетіп жатыр. Тағы да айта кетейік, жазда ағзаға молынан дәрумен жинау–қыстың қамы. Жаттығудан соң міндетті түрде суға шомылыңыз.Жаттығу кезінде терлейтініміз анық, ал термен бірге денемізден токсиндер бөлініп шығады.Сол себепті, тез арада жуынып алған жөн. Егер душ қабылд... |
Толығырақ... Оқылды: 447 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 10.06.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 маусым |
7 маусым күні жыл сайын Норвегия тұрғындары Швециямен одақтың ыдырау күнін атап өтеді. Бұл күні барлық мемлекеттік мекемеде ту көтеріледі. Швеция мен Норвегия арасындағы 1814-1905 жылдар аралығында мемлекеттік-құқықтық бірлестік болған. 1814 жылы Норвегия мен Швеция арасында соғыс басталды. Нәтижесінде норвегиялықтардың тәуелсіздікке деген ұмтылысы мен Финляндиядан айырылған Швеция ортақ ымыраға келді. Елдер арасындағы байланыс 1815 жылдың 6 тамызындағы "Мемлекеттік актімен" реттелді. Құжатты екі елдің парламенті қабылдады. Сондай-ақ, бүгін Краудфандинг күні. Бұл ағылшын тілінен аударғанда халықтық қаржыландыру дегенді білдіреді. Интернет арқылы белгілі бір жобаға халықтың, көпшіліктің қаржы жинап беруі. Мұндай қолдау түрлі мақсаттарға арналуы мүмкін. Мәселен, табиғат апаттарынан зардап шеккендерге көмек, спорт командасына жанкүйерлерінің көрсеткен қолдауы, түрлі саяси науқанға қолдау білдіру, стартап-компанияларды немесе кіші бизнесті қаржыландыру. 7 маусым азық-түлік... |
Толығырақ... Оқылды: 452 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 07.06.2019 |
Түрегеп тұрып су ішудің зияндары |
Ғалымдар түрегеп тұрып су ішудің адамдарға медициналық тұрғыдан зиян келтіретінін білдіре отырып: «Адамдардың асқазандары дененің қалай тұрғанына қарай әртүрлі болады. Яғни түрегеп тұрған кездегі және отырған кездегі асқазанның халі екі түрлі. Асқазанның кішкентай иіңкі бөлігіне сай келетін Вальдейер асқазан қуысы деп аталатын қуыс болады. Сұйық азықтар осы жерден тұрақты ашық қуысы бар асқазан жолынан шығып он екі елі ішекке өтеді. Яғни қысқаша айтқанда адамдардың түрегеп тұрып су ішулері еш жерге әсері болмастан тікелей он екі елі ішекке өтеді. Су адамдар үшін өте маңызды. Бұл суды түрегеп ішкенде су асқазанда бірікпейді және денеге пайдасы болмайды. Егер адамдар суды отырып ішсе алдымен асқазанда бірігеді, қышқылдармен араласып, микробтары өледі, кейін он екі елі ішекке өтеді. Осылай отырып су ішу әдісіне мойынсұну арқылы адам холера ауруымен қоса көптеген аурулардан сақтанған болады. Адамдар көрінген жерден су алып, түрегеп ішіп кете берсе кейбір ауруларға душар болады,»... |
Толығырақ... Оқылды: 434 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 07.06.2019 |
Жеті дәрі жаныңызда жүрсін |
Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеңіздер. Ауыра қалсаңыздар, мына дәрілер жаныңыздан табылсын. 1. Парацетамол Парацетамол – әлемдегі ең әйгілі дәрі. Бұл дәрі негізінде Панадол, Эффералган секілді бірнеше дәрі шығарылады. Парацетомол бас, тіс ауруын басатын, сонымен қатар қызуды түсіретін дәрінің түрі. Оны кішкентай балалар да, ересектер де тұтынуға болады. Алайда ол бауыры ауыратын адамдарға кері әсерін тигізеді. 2. Іш өтсе – Лоперамид Ішке бұл дәрінің әсері Имодиумнен кем емес. Есесіне бағасы оған қарағанда әлдеқайда арзан. Егер ішіңіз қатты өтсе, лоперамидтің 4 мг тұтыныңыз. Бір ескерте кететін жайт, 5 жасқа толмаған балаларға 2 мг артық ішуге болмайды. 3. Ағза тітіркенсе (аллергия) – Диазолин Бұл бәрімізге белгілі Эриус дәрісінен кем түспейді. Аллергияға қарсы тұрады және іш ауруларының алдын алады. Бұл дәрінің арнайы кішкентай балаларға арналған түрі де бар. 4. Тыныштандыру үшін – Валерьянка Валерьянканы қарапайым халық бұрынн... |
Толығырақ... Оқылды: 349 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 07.06.2019 |
ӘЖЕМ АЙТЫП ЕДІ... |
1. Жар қылып алар қызыңның шешесіне қарарсың. Шеше көргенді ал. Алма ағашынан алысқа түспейді. 2. Сонан соң әкесіне қара. Әке қатал, әрі мейірімді болуы керек. Билігі еркекте болған үй береке. Осыны ұмытпа. 3. Еркек балалары мен қоса әйелін де тәрбиелейді. Олардың санасына исламды құй. Дін жолын үйрет, оқыт. Аллаға жақынның адасқанын көргенім жоқ. Сондықтан осы іске жақсы көңіл бөл. 4. Алғаның басқаны емес, әуелі сені сыйласын. Күйеуін ЕРІМ, БАЛАЛАРЫМНЫҢ ӘКЕСІ, БОЛАШАҒЫМ деп сыйлаған әйел сенімен қоса бүкіл әулетіңді құрметтейді. Оның құрметі саған әулетіңнің алдында абырой сыйлайды. 5. Оны қадір тұт. Бар жақсы сөзіңді арна. Жұрттың, балаларыңның көзінше құшақтап, сүйме. Өзіңнің де, оның да қадірін қашырасың. Оның барлығы оңашада қылар іс. Ал басқа уақытта көз қарасың мен оған жасар жақсы ісің де жетіп жатыр. 6. Оның жасар ісіне араласпа. Ақылды әйел сен араласпай-ақ қажет ақылын өзі келіп сұрап алады. 7. Оны қызған. Тек жөнімен болғаны дұрыс. Ал шамадан артық қызғану... |
Толығырақ... Оқылды: 401 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 07.06.2019 |
Келін қай қылығымен сүйкімді |
Қазақ халқында келіннің отбасындағы рөлі мен орны өзінше бір бөлек. «Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» дейді ата-бабаларымыз. Ұлын ұяға қондырып, шаңыраққа келін түсіру өмірдің ең маңызды ісі саналады. Өйткені ұл өсірген ата-ана үйге келіп түсер келіннің қандай боларына қам жейді. Бойжеткен сүйгені өскен шаңыраққа бас сұғып, табалдырығын аттаған күннен бастап өзінің келін екенін сезінгені дұрыс. «Қызымдай көремін» деген сөзге мастанбай, келіннің қыздан да адал боларын дәлелдеңіз. Осы себеппен біз бүгін cіздерге болашақта өнегелі де, ибалы келін болсын деген мақсатпен «Келін қай қылығымен сүйкімді?» деген тақырыпты ашпақпыз. Келіннің бойыннан қандай жағымды қылықтар табылуы керек? Келін ашық-жарқын мінезді болуымен сүйкімді. Оның жайдары, ақкөңіл, әрі ашық-жарқын болғаны жақсы. Енді ғана танысып жатқан жаңа туыстарымен дұрыс қарым-қатынас орнатып, жаңа ортаға оңай сіңісіп кетуі үшін мінезінің ауыр болмағаны жөн. Кез келген адам келіннің қабағына қ... |
Толығырақ... Оқылды: 458 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 07.06.2019 |