ЛАЙФСТАЙЛ

Күйеуіңізге АНА емес, ӘЙЕЛ болыңыз!

Қымбатты ХАНШАЙЫМДАР! Сіз өзіңіздің күйеуіңізге қандай рөлді ойнап жүргеніңізді анықтап алыңыз. Дәл қазір сіз анасыз немесе әйелсіз. Ана мен әйелдің айырмашылығы бар. Егер де олардың екеуі де бір міндетті атқаратын болса оларға бір ғана атау берілер еді. Ананың перзенттің болашағы жөніндегі алатын орны белгілі, бірақ, сіз күйеуіңіз үшін де ананың ролін алмаңыз. Отбасының жағдайы, берекесі, перзенттердің келешегі мен бақытты өмірі әйелдің өмірде өзіне еншілеп алған «ӘЙЕЛ» немесе «АНА» позицияларына тікелей байланысты. Әйел затына тиісті болған борыштар мен парыздар толығымен әйелге ғана тиісті. Бірақ, оның барлығы АНАға тиісті емес. Себебі, «АНА» болу еркектің әйелдің қамқорлығына мұқтаждығын білдіреді. Ер адамның мінезі басым әйелдер «АНА» роліне бейім болады. Себебі, ана- қорғаушы, қамқоршы, асырап-бағушы. Яғни, ол әйелдің сұлбасындағы «ер адам». Баласы үшін жанын беруге әзір, баласына қауіп-қатер төнгенде баласын құтқару...
Толығырақ... Оқылды: 311 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 04.06.2019

ҰРЫСҚАҚ ӘЙЕЛ қайдан шығады?

Сіз жұбыңызды «есеңгіретіп» ұстауды қалайсыз. Бәлкім, бұл сізге қызық көрінер, бәлкім сізге ойын секілді түйілер. Алдымен өзіңіз ұрысқа себеп іздейсіз де, соңынан «мен не істеп қойдым? Неге мені кінәлай бересің?» деп қайран қалып отырасыз. Отбасылық өмірдегі ең қиын сынақ - жақындарыңызбен жанжалдасып қалу. Мұндай кездерде әрине, ісіңізден де береке кетеді, ары қарай күресуге дәрменіңіз қалмағандай күй кешесіз. Ал, «отбасы болған жерде ыдыс-аяқ сылдырламай» да тұрмайды. Мұның да өзіндік пайдасы жоқ емес. Дегенмен, ұрыс - керістің өршіп кетпеуін қадағалау да маңызды. Ерлі-зайыптылардың ұрыспай өмір сүруінің нәтижесінде де жақсы өмір күтіп тұр деп ойлауға болмайды. Сондықтан, төмендегі тест нәтижесі жұбайлар арасындағы қарым-қатынастың қаншалықты дәрежеде екендігін байқауға болады. 1.Өмірлік серігіңіз сіздің ұсынысыңыздан бас тартты. Ал сіз ол барлығына дайын болуы керек деп ойлайсыз. Мұндай жағдайда сіз: А) Енеңізді екеуара қарым-қатынасқа а...
Толығырақ... Оқылды: 401 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 04.06.2019

Баспалдақ басқанына қарап адамды тануға болады

Күнделікті тұрмыста адам баласы түрлі әрекеттер жасайды. Бірі ақылға қонып жатса, бірі қонбайды. Адамның ішкі түйсігі немесе сегізінші сезім мүшесі оны түрлі жайттарға апарады. Мәселен іштей сөйлесу, өзін-өзі жегідей жеп, жауабы жоқ сұрақтарға жауап іздеуі секілді. Осылардың ішіне кіретін тағы бір қызық дүние бар. Психологтардың айтуына қарағанда адам баласы әрбір істеп жатқан ісіне кейде ақылмен, кейде санасыз түрде жауап беретін көрінеді. Сонымен баспалдақты қалай басасыз? Жоғары шыққан кезде және төмен түскен кезде араға бір баспалдақ тастап шықсаңыз, бұл сіздің асығып тұрғаныңызды білдерді. Бұл көбінесе ересектер жағынан білінеді. Ал жас балалардың бұлай жасауы тек қызық үшін. Ең қызығы араға бір немесе екі-үш баспалдақ тастап шығу адамның өмірдегі жетістікке жетуіне де байланысты. Себебі өзінің алдына қойған мақсатына тез жеткісі келетін адамдарда бұл жағдай жиі орын алады. Төменге түскен кезде баспалдақтың бәрін қалдырып секіру ол адамның қиындықты тез әрі оңай шеше алат...
Толығырақ... Оқылды: 358 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 04.06.2019

“Кока-коланың” құрамында не бар?

Түрлі той-жиындар мен басқосулардағы дастарқанның көркін келтіретін “Кока-кола” сусыны жайлы не білеміз? Кішкентай балалардан бастап, ересек адамдарға дейінгілердің сүйіп ішетін сусынына айналған тәтті сумендүниежүзінде миллиондаған адам шөлін басады. Ата-аналарымыз “Кока-коланы” ішпе деп ұрысқанның өзінде де, бұл тіс пен асқазанға зиянды сусыннан бас тарта алмаймыз. Сонымен, дүниежүзін жаулап алған сусын жайлы білгіңіз келсе, біздің мақалаға көз жүгіртіңіз. “Кока-коланы” 1866 жылы доктор-фармацевт Джон Пемертон ойлап тапқан болатын. Джон Пемертон дәрілік тұнбаны ойлап таптым деп ойлап, оны асқазан аруларына қарсы емдік қасиеті бар деген тұжырымды алға тартқан. Бұл тұжырымдамада бір шындыққа ұқсас негіз бар сияқты. Өйткені, “кока-коланың” алғашқы ингредиенттерінде кокаин өсімдігінің құрамындағы заттар болды. Қазіргі таңда бұл сусында ондай зат жоқ. Бір литр сусынды жасау үшін 2 литр су қажет. Үндістан еліндегі ауыз су тапшылығы 2...
Толығырақ... Оқылды: 513 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 04.06.2019

Алтынның орнына күмісті тағу сыры

Ұзақ жылдар бойы алтынның адам ағзасына тигізер әсерін зерттеп келген канадалық зерттеушілер осы металдан жасалған әшекей бұйымдар адамды күйзеліске алып келетінін хабарлады. Канада ғалымдары алтын бұйымдарды мүлдем тақпаңыздар демей, керісінше тек түнде шешіп қоюға немесе орнына жүйке қызметін реттеп, артериялық қысымды төмендететін күмісті тағуға кеңес береді. Тәжірибе нәтижесі бойынша, теріге тиген алтын жүйке қызметін нашарлатып, зат алмасуды тежейді әрі көңіл-күйдің бұзылуына себепкер болатындығы анықталды. Эмоциялы адамдарды күйзеліске әкеліп соқтыруы мүмкін. Мұнымен қатар. қояншық ауруына шалдыққандар үшін аса қауіпті. Әшекей бұйымдардың көздің жауын алып жарқырауы қояншық ауруының ұстамасына алып келеді. Ал күмістің әсері керісінше. Оны адамзат ежелден қолданып келеді: күміс ыдыстардан тағам жеген, күміс су ішкен, оның көмегімен түрлі ауруларды емдеген. Күміс қосылған тағам: Күмістен жасалған немесе күміс қосылған тағам дегенді естуіңіз бар ма? Жақын арада Е174 деген...
Толығырақ... Оқылды: 400 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 03.06.2019

МАСАДАН ҚОРҒАНУ АМАЛДАРЫ

Жаз келісімен масалар мазаны қашырады. Олардан далада да, үйде де жасырыну мүмкін емес. Бұл жәндіктерден қорғанудың халық арасында тараған әдіс-тәсілдер көп. Масалар қазтамақ, қызанақ және райхан гүлдің иісін жақтырмайды. Гүл салынған ыдысты терезе алдына қойса, жәндіктердің бөлмеге кірмейтінін аңғаруға болады. Үйде черри (бұрыш) қызанағы мен райхан гүлін өсіруге болады. Олардың жемісі кәдеге жарайды. Ванильді ірітіндінің көмегімен далада масалардан қорғануға болады. Бір ас қасық ваниль ұнтағын жарты стақан суға езіп, бұл ерітіндіні киімге, дененің ашық жерлеріне жағыңыз. Ванилинге бір ас қасық балалар кремін қосуға болады. Бұдан кейін ешбір маса жоламайды! Қайнатылған жусан тамыры да масаларға қарсы жақсы әсер етеді. Жусанның құрғақ тамырларына (дәріханадан дайын қоспа сатып алуға болады) бір литр су құйып, қайнатып, оттан алған соң бірнеше сағат суыту керек. Кейін бұл қайнатпаны киімге және денеге сеуіп, тіпті, кереует маңындағы еденді сол сумен жууға болады. Мойыл гүлдер...
Толығырақ... Оқылды: 407 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 03.06.2019

Қатерлі ісікке шалдықтыратын бес сусын анықталды

Гарвард университетінің ғалымдары ғылыми зерттеу қорытындысын жариялады. Адам ағзасы үшін ең қауіпті бес сусын анықталды. Ғалымдар кола, жасанды шырын, шампан, энергетиктер мен газдалған сусыннан бас тарту керек екенін дәлелдеді, деп хабарлайдыLife.ru Ғалымдардың айтуынша, кез келген газдалған сусын обыр жасушаларының өсуіне әкеліп соғады. Бұл ішкен сусын түрі мен мөлшеріне де байланысты. Құрамында қант алмастырушысы бар сусын ішетіндер ұйқы безінің ісігіне шалдығуы мүмкін. Аптасына ішілетін мұндай екі сусын қатерлі ісік қаупін 87%-ке арттырады. Ғалымдар газдалған сусын ерлер денсаулығы үшін аса қауіпті деп дабыл қағуда. Сондай-ақ, бұл сусынды көп ішетін әйелдердің сүт безінде қатерлі ісік пайда болуы мүмкін. Ал жүкті әйелдерге оларды мүлдем ішуге болмайды. Өйткені барлық газдалған сусын құрамында қызыл амарант жасанды консерванті (Е-123) бар. Ең қауіптісі – энергетиктер мен кола сынды газдалған тәтті сусындар. Олардың бір құтысында 20 қасық қант, фос...
Толығырақ... Оқылды: 390 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 03.06.2019

3 МАУСЫМ ҚАНДАЙ КҮН?

Бүгін – дүниежүзілік велосипед күні. Өткен жылы 12 мамырда БҰҰ Бас ассамблеясы бұл күнді халықаралық күндердің тізіміне қосты. Халықаралық ұйым бұл мерекені экологияның бұзылуының алдын алып, денсаулықты жақсартуда велосипедті пайдалануды насихаттау үшін енгізген. 3 маусым – парашюттің туған күні. Бірінші парашютті 1483 жылы италиялық өнертапқыш Леонардо да Винчи құрастырды деген деректер бар. 1785 жылы 3 маусым күні француз өнертапқышы Франсуа Бланшар 300 метр биіктіктен парашют арқылы итті төменге түсіріпті. Сынақ сәтті аяқталған. Кейін оның жерлесі, аэронавт Андре-Жак Гарнерен жаңа парашютті сынақтан өткізген. Ал 1911 жылы әлемде алғаш рет арқаға асатын парашютті орыс өнертапқышы Глеб Кательников жасады. Сондай-ақ бүгін – дүниежүзілік майтабандылық күні. Бұл күнді халықаралық Ponseti International қауымдастығы бекіткен. Майтабандылық (майтабандық) – табанның сыртқы және ішкі пішінінің өзгеруі (деформацияға ұшырауы) салдарынан пайда болатын ауру.
Толығырақ... Оқылды: 342 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 03.06.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 31 мамыр

Бүгін, 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні. Бұл дата 1997 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен бекітілді. Репрессия жылдары Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілген. Ғылым, мәдениет және саясаттағы бетке ұстар азаматтар, зиялы қауым өкілдері атылды. Тәуелсіз Қазақстанда 1993 жылғы 14 сәуірде "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" заң қабылданды. 1988 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 31 мамырды Бүкіләлемдік темекіден бас тарту күні деп жариялады. Осы уақыттан бері бұл дата жыл сайын аталып өтеді. Бұл күннің негізгі мақсаты – адамдарды темекіден бас тартуға шақыру, осылайша шылым шегетіндер санын азайту. 1988 жылы әлемдік қоғамдастықтың алдына XXI ғасырда темекі тарту проблемасын жоюға қол жеткізу міндеті қойылды. Десе де, бұл проблема әлі де шешімін таппай келеді. Бүгін Ресей азаматтары Адвокатура күнін мерекелейді. 2002 жылы 31 мамырда Ресей президенті В.Путин...
Толығырақ... Оқылды: 605 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 31.05.2019

29 мамырда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін Дүниежүзілік дұрыс ас қорыту күні аталып өтеді. Дұрыс ас қорыту – ағзамыздың барлық жүйесі мен мүшесінің дұрыс қызмет етуінің негізі. Асқазан адамның иммундық жүйесіне кіреді, оның жұмысы адамның өзін-өзі қалай сезінуі мен денсаулығына әсер етеді. Қазірде көптеген адам ас қорытуда белгілі бір қиындықтарды сезінеді, оған нашар экология, салауатты емес өмір салты, дұрыс тамақтанбау себепші. Дұрыс ас қорыту күнін атап өтуге Дүниежүзілік гастроэнтерологтар қауымдастығы бастамашы болды. Сонымен қатар, бүгін – Халықаралық БҰҰ бітімгерлерінің күні. Бұл мереке қақтығысушы тараптарды бітімге келтіру, халықтың ауыр жағдайын жеңілдетуге бағытталған БҰҰ шараларына назар аударуға арналған. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі бейбітшілікті сақтау бойынша алғашқы миссиясын 1948 жылы бекітті. Содан бері БҰҰ бітімгерлік қызметі қатты өзгерді. Бұрын жеңіл-желпі қаруланған бітімгер сарбаздар қарулы қақтығысты тоқтату сызығы бойымен елдер арасында жаяу патруль жүргізсе, қазір...
Толығырақ... Оқылды: 380 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 29.05.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.