ЛАЙФСТАЙЛ

АДАМНЫҢ 8 ТҮРІ....

1. Жел сияқты адамдар. Бүгін мына жақта, ертең ана жақта жүретін бұндай адамдардың қызығушылықтары күн сайын ауыса береді. Тұрақтылықты ұнатпайды. 2. Гүл сияқты адамдар. Олар жараланғыш, нәзік келеді. Ондай адамдардың қасында кез келген адам өзін мықты сезінеді. 3. Кітап сияқты адамдар. Ондай адамдардың жанында жүріп көп нәрсе үйренуге болады. Олар білімді, ізденімпаз келеді. 4. Шытырман адамдар. Олардың не ойлап жүргенін білу мүмкін емес, олар шешімі жоқ жұмбақ сияқты. 5. Сайын дала тәрізді адамдар. Олармен қарым-қатынасқа түсу өте жеңіл, ондай адамдардың жанында ми демалып қалады. 6. Отшашу сияқты адамдар. Олар көтеріңкі көңіл-күй мен мерекені жақсы көреді. Айғайлап күлгенді, қатты сөйлегенді ұнатады. 7. Тас тәрізді адамдар. Олар тастай берік. Кез келген қиын жағдайда қорған бола біледі. 8. Асыл тас сияқты адамдар. Ондай адамдарға қарап, қызығасың. Күн сайын өзінің жаңа қырымен айналасын таңырқатып жүреді. Дереккөз:massaget.kz
Толығырақ... Оқылды: 358 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 29.05.2019

Несие алсаңыз, жадыңызда болсын

1. Үстеме. Кепілсіз несие аларда үстемесін (переплата) міндетті түрде есептетіп алыңыз. Бұл пайыздық мөлшерлемеден де маңызды. Себебі бәзбір банктердің пайызы төмен болғанымен, «жасырын» комиссияларын қосқанда қайтаратын ақшаңыз одан асып түседі. Ең дұрысы – әр банктің үстемесін саусақтап тұрып санап, салыстырып, неғұрлым төменін таңдау. 2. Мерзімінен бұрын жабу. Несиені ресімдемес бұрын қарызды мерзімінен бұрын өтеу шарттарын тәптіштеп сұрап алыңыз. Себебі бірде-екілі банкте алған қарызды алты айға дейін немесе бір жылға дейін мерзімінен бұрын жабуға болмайтыны туралы талап бар. Осы мерзімде ерте жапсаңыз айыппұл төлетеді. 3. Сақтандыру сомасы. Біраз банк несие ресімдегенде беретін ақшадан сақтандыру сомасын ұстап қалады. Ол қаржы сақтандыру ұйымдарына аударылады. Мәселен сізге 250 мың несие керек делік. Осының 40-50 мыңын сақтандыру сомасы ретінде ұстап қалып, сол қаржыны сізге төлетеді. Үстемесімен! Сондықтан сақтандыру сомасын ұстамайтын банктердің беретін...
Толығырақ... Оқылды: 329 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 29.05.2019

Бәріне үлгеру үшін…

Нақтылықтың болмауы өмірде кедергі жасайды. Ол көп істің уақытында жасалмауына әкеліп, соның салдарынан жұмыста немесе сабақта бітпеген жұмыс көбейе береді. Ал ол уайымға және күйзеліске әкеледі. Сондықтан уақытында бәріне үлгерудің денсаулыққа да пайдасы бар. Неден бастау қажет? Бәріне үлгеру үшін ми белсенді жұмыс істеуі керек. • Ол үшін алдымен ұйқыны қандыру керек. Ересек адам қалыпты түрде тәулігіне 7-8 сағат ұйықтауы қажет. • Дұрыс тамақтануды бастаңыз. Нақты тәртіп пен дұрыс тағам ағзаны қажетті ресурспен қамтамасыз етеді. • Спортпен айналысыңыз. Күні бойына қуат сыйлайтын таңғы жаттығудан бастап, берік иммунитетті қамтамасыз ететін машықтандыруға дейін ағзаға пайдасы зор. Кедергілерді жоюға көмектесетін кеңестер: Уақытты жоспарлаңыз. Өзіңізді болашаққа әрі жақын уақытқа жоспар құрып жүруге үйретіңіз. Күнде кешкілік ертеңгі күнді жоспарлауға арналған уақыт бөліңіз. Түрлі түсті қаламмен істің маңыздылығына қарай бөліп жазыңыз. Орындалған істерд...
Толығырақ... Оқылды: 334 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 29.05.2019

Адам өмір бойы 20 килограмм шаң жұтады

Сіздің алдыңызда мың құбылған әлем тұр. Сіз сол әлемнің кішкене бір бөлшегісіз. Көбелек қанат қағып үлгергенше әлемде миллиондаған өзгерістер орын алады. Біздің білетініміз тоғыз болса, білмейтініміз тоқсан тоғыз екені айдан анық. Біз сіздерге сіз білмейтін қызықты деректерді ұсынамыз. Автомобиль саны адам санынан 3 есе тез көбейіп келеді. Күлгенде 17, қабақ түюгенде 43 бұлшықет қимылдайды. Сіріңке көлеміндей келетін алтынды үлкен тенис алаңы көлеміндей етіп созуға болады. Таңертеңгісін алма жеу кофеге қарағандаұйқынытез ашады. Адам өмір бойы 20 килограмм шаң жұтады. Жердің тартылыс күші болмаған жерде, шамның оты шеңбер тәрізді болады. Қол тырнақтары аяқ тырнақтарынан 4 есе тез өседі. 60 жаста адамдардың дәм сезу қабілеті 50% азаяды. Ғарышта тартылыс күші болмағандықтан астроновтар жыласа да, жасы төменге түспейді.
Толығырақ... Оқылды: 326 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 29.05.2019

Жүректің тоқтап қалуына әкелетін 11 себеп

Салмағы 300 грамм жүрек тәулігіне 10000 литр қан айдайды Дәл қазір Қазақстанда бір жарым миллион адам жүрек және қан тамыры дерті диагнозымен тіркеуде тұр. Осыдан біршама уақыт бұрын Түркістан облысында 30 жастағы апталдай азамат күтпеген жерден қайтыс болды, оның ажалы жүректің кенет тоқтап қалуынан келген. Ол бұрын-соңды жүрегі ауыратыны жөнінде жан баласына шағымданбапты. Сол себепті, тіркеуде де тұрмаған. Осы секілді оқиғалардың көп кездесетінін жақсы білеміз. Жалпы, жыл сайын әлем бойынша әр түрлі жастағы 18 миллион адам жүрек дертінен о дүниеге аттанады. Егер алдын ала шаралар қолданып, дәрігерге көрінсе сол көрсеткішке азды-кемді өзгеріс енгізуге болар ма еді? Өкінішке қарай, жүрек ауруын уақытында білу қиындық туғызады. Себебі, ол жеңіл-желпі ауырсынудың астарында жасырына біледі. Жүрек ауруына жол сілтейтін, сіз елемей жүрген бірнеше себептер тізіміне көз жүгіртіп шығалық. КардиологМейрам Ахметовәсіресе, жасы 60-тан асқан егде кісілер, артық салмағы бар, сондай-ақ д...
Толығырақ... Оқылды: 768 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 28.05.2019

БҮГІН ҚАНДАЙ КҮН?

Бүгін көптеген елде Қара шашты қыздардың күні аталып өтеді. Бұл арулар үріп ауызға салғандай сұлу, мінсіз мүсінді, ерік-жігері мықты әрі көркіне ақылы сай келеді. Мерекенің қалай шыққаны да өте қызық – 2006 жылдан бері Дүниежүзілік сары шашты қыздар күні тойланатындықтан, қара шашты арулар да көштен қалмай, бәскелестерінен басып озу үшін өз мерекелерін атап өтуді шешті. Қара шашты қыздар күні – бейресми мереке, алайда көп ұзамай ресми мәртебеге ие болуы ықтимал. 28 мамырда қара шашты аруларға жылы лебіз білдіріп, жүрекжарды тілектер айтып, гүл сыйлау керек. Мейрам жыл өткен сайын кең тарап барады – дүкендерде әртүрлі науқандар жүргізіліп, клубтарда марапаттау және басқа да рәсімдер өтеді, ал журналдар ең әдемі қара шашты сұлуды таңдайды. 28 мамырда майонездің туған күні аталып өтеді. Аңыздардың біріне сүйенсек, ол Жеті жылдық соғыс кезінде пайда болған. 1756 жылы Францияның Маон қаласын ағылшын әскерлері басып алды. Көп ұзамай қала ішіндегі маршал Луи дю Плесси бас...
Толығырақ... Оқылды: 496 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 28.05.2019

​Шаншу қадалғанда не істеу керек?

Шаншу — сіз елемейтіндей, мән бермейтіндей ауру емес.Шаншуды уақытында жазбасаңыз, асқынып кетуі мүмкін. Көпшіліктің көкейіндегі сұрақ. Бала кезімізде әжелеріміз пештің жанындағы көсеуді темірге ұрғылап алып, қадалған шаншуды түйрейтін. Сенім бе әлде ем бе, әп-сәтте жазылып шыға келетінбіз. Шаншу қадалған тұсты көтере алмай, тіпті дем жетпей қиналатынымыз жасырын емес. Мұндай жағдайда дәрігерлер қыздыратын жақпамай беріп, 5-7 күнге ем жазып береді. Негізінде жатып алып жағдайын жасайтын ауру емес. Әрине қалжыңдауға да болмайды. Бірақ өз бетіңізше ем-дом жасап, 1-2 сағат шамасында айығып кете аласыз. Сонымен салқындап қалған адамның арқасына шаншу қадалып, мазасын алып жатса, сіз де қарап тұрмай алдымен ырымын жасаңыз. Оны жоғарыда айтып өттік. Ендігі кезекте үй жағдайында жасалатын ем жолдарын ұсынамыз. 1. Сұйық демделген 1 шыны шайға 1 шай қасық бал араластырып, ішкізіңіз. Жылы орап жатқызып қойсаңыз, бір терлегеннен-ақ аттай болады. 2. Бұл кезде аяғына, табанына аздағ...
Толығырақ... Оқылды: 357 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 27.05.2019

БАЛАҢЫЗҒА ҚАНДАЙ АТА-АНА БОЛЫП ЖҮРСІЗ?

«Мен қандай әкемін (анамын)?» Бұл сұрақ сізді толғандыра ма? Жауабын білгіңіз келсе,… «Мен қандай әкемін (анамын)?» Бұл сұрақ сізді толғандыра ма? Жауабын білгіңіз келсе, алдымен өз әрекеттеріңізді, балаңызбен арада қалыптасқан қарым-қатынасты саралап көріңіз. Қосымша астрологтардың сипаттамасын да ескеруге болады. Тоқты Тоқты әке балаларын шексіз жақсы көреді әрі оларды мақтан тұтады. Кез келген баланың тілін оңай табады, жақсы түсініседі, досы әрі кеңесшісі бола алады. Ал, Тоқты аналар көбінде қатаң принциптерді ұстанады. Ұл-қыздарының айтқанын екі етпеуін қалайды. Оларға өзгелерді емес, өзін бақылауға алып, аздап сабырлылықты үйренген дұрыс болар еді. Оған қоса, барлық жағынан бірінші болуды қалайтын Тоқты әйелдер өзгемен сайысса да, өз баласымен бәсекелес болмағаны жөн. Көбірек еркіндік беріп, өз жолын өзіне таңдату да олардың ақсап жатқан осал тұсы. Торпақ Торпақ-әкелер балаларға көп көңіл бөледі, сөйте тұра, көп нәрсе талап етеді. Өздері...
Толығырақ... Оқылды: 434 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 27.05.2019

27 МАМЫР - РЕСЕЙ МЕН ҚЫРҒЫЗСТАНДА КІТАПХАНА КҮНІ

Ресей Федерациясында бұл күн 1995 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі. Ал Қырғыз Республикасында аталған күн Үкімет қаулысымен 2008 жылдың 17 маусымында бекітілген.1902 жылы 27 мамырда Қырғызстандағы бірінші кітапхананың ашылған болатын.
Толығырақ... Оқылды: 615 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 27.05.2019

САҒЫЗДЫҢ АДАМДЫ СЕМІРТЕТІНІН БІЛДІҢІЗ БЕ?

Сағызды шектен тыс көп шайнау денсаулыққа зиян екенін ғалымдар дәлелдеп отыр. Шайнауға арналған резеңкені әлемде ұзақ уақыт бойы дәрі-дәрмек санатына жатқызып келді. Сағыздың тек тіске ғана емес, ас қорыту жүйесіне де пайдалы екенін дәрігерлер да растады. Сағызды шайнаған сайын асқазаннан сөл бөлініп, тамақ тез қорытылады. Бірақ, шайнауға арналған резеңке құрамына қатысты ғалымдар арасында дау туындады. Біреуі сағызды, бұрынғысынша, пайдалы десе, басқа біреуі сағыз адамның семіруіне себепкер болады деп есептейді. Эдинбургтегі Нейпира университетінің ғалымдары жүргізген зерттеудің нәтижесінде сағыз адамды семіртетіні расталды. Адам организміндегі артық салмақтың жиналуына сағыз құрамындағы қант алмастырушы (заменитель сахара) – аспартам себепкер екен. Бір жылда аспартамнан 215 әйел, 56 еркек зардап шеккен. Олар сағызды күніне бірнеше рет шайнағанда, айына 200 данадан аса сағызды «аттандырып» отырған. Жарты жыл өтпей-ақ адамдар тола бастаған. Ал 48 адам асқаза...
Толығырақ... Оқылды: 472 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 21.05.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.