ЛАЙФСТАЙЛ

БЕЛІҢІЗ НЕГЕ АУЫРАДЫ?

Беліңіз ауырып, мазаңызды ала берсе, қорықпаңыз, бес адамның төртеуі белінің ауырғанына шағымданады. Демек, сіздегі жағдай аса қауіпті емес. Бел ауруы туындайтын себептерді іздеп көрелік. Монитор алдында көп уақытыңыз өтеді Адам тәуліктегі уақытың, орта есеппен, 9 сағатын компьютер алдында бүкірейіп, еңкейіп өткізеді екен. Заманауи гаджеттар көбейіп, адамдармен хабар алмасу тым жеңілдеген сайын арқадағы, иық пен мойындағы аурулар да қаптап барады. Жұмыс арасында үзіліс жасап, мойын бұлшықеттеріне жаттығу жасап тұру өте маңызды. Ең қарапайым жаттығу – басты күніне 5 реттен артқа-алға, екі жанға бұрып отыру. Сонымен қатар, ұзақ уақыт отыру адамның омыртқасына тұрғандағыдан да, жүргендегіден де көп зиян келтіреді. Жұмыс орныңызда монитор көздің деңгейінде орналасуын, шынтақ пен тізе 90 градуста бүгіліп тұрғанын, табанның еденде нық жатуын қадағалаңыз. Етбетіңізбен ұйықтайсыз Етбетінен ұйықтау буын мен бұлшықетке күш түсірсе, шалқайып не бір жанымен жатып ұйықтау омыртқағ...
Толығырақ... Оқылды: 475 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 21.05.2019

ЖІГІТТІҢ ҮЙЛЕНГЕНІН ҚАЛАЙ БІЛУГЕ БОЛАДЫ?

Сымбатты жігітпен танысып, ол сізге ұнап қалды ма? Қолында неке жүзігі жоқ екен деп, оны бойдақтар қатарына қосуға асықпаңыз. Көп еркектер неке сақинасын таққанды ұнатпайды. Бірден үйленген-үйленбегенін сұрай кету де ыңғайсыз. Алданғыңыз келмейді. Сондықтан мына белгілерге назар аудара жүріңіз. Жігіттің бойдақ екеніне күмән келтіріп жатсаңыз, оның қылықтарына, өзін ұстауына назар аударыңыз. Бет-әлпетінің, қолының қимылдары да өтірік айтып жатқанынан белгі беруі мүмкін. Төмендегі белгілер жігіттің бойынан табылып жатса, үйленгенін сізден жасырып тұр: Жасырын белгілер Бір орында отыра алмай, үстінің шаңын қақыштап, беті мен шашын түрткілеп, қолындағысымен ойнап, қолын ысқылай беріп, ернін тістеп не қайта-қайта темекі шеге берсе, ішінде жасырғаны бар. Телефонына келген қоңырауларға жауап бермей, ұялы телефонын сөндіріп тастап, сіздің сұрақтарыңызға жалтақтап жауап берсе, әйелі қоңырау шалып қалмасын деп сақтануда. Егер ол абдыраған түрмен әр бес минут сайын «жұмыс...
Толығырақ... Оқылды: 540 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 21.05.2019

21 мамыр

21 мамыр - елімізде шығармашылық адамдарының мәртебесін айқындайтын, маңызы ерекше Мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Бұл атаулы күн 2013 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген болатын. Мәдениет – ұлттың қуаты, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан рухани болмысы, ақыл-ой, парасаты. Құрметті мәдениет, өнер саласының қызметкерлері! Бүгінгі ерекше мереке күні мәдениет пен өнер саласына еңбегі сіңген аға буын өкілдеріне айтар алғысымыз шексіз. Еліміздің өркендеп-өсуіне, мәдениет биігіне шығармашылық тұрғыдан қызмет етіп, халықты тамаша өнерлеріңізбен қуанта беріңіздер! Бүгінгі күн – Тәуелсіз Қазақстанның, Мәңгілік Елдің келешегін кемел, болашағын жарқын ететін, ұлттық бірегейлігімізді танытуға үлес қосатын жақсы күн болсын дегіміз келеді. Баршаларыңызға шығармашылық жолда толағай табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз! Әрдайым абыройларыңыз асқақ, мерейлеріңіз үстем, өнердегі жұл...
Толығырақ... Оқылды: 543 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 21.05.2019

20 мамыр қандай күн?

Дүниежүзілік метрология күні Бұл күн өркениетті елдердің бәрінде арнайы түрде аталып өтіледі. Атап айтқанда түрлі кездесулер, семинарлар, дөңгелек үстелдер түрінде көрініс тауып, әр ел өздерінің метрология саласында жүргізген жұмыстарының қорытындысын шығарады. Сондай-ақ өзара тәжірибелерімен бөлісіп, ма­ңызды деген мәселелер талқыға түсіп отырады. Метрология (грек тілінде metron - өлшем және logos - сөз, ілім) - өлшеу туралы өлшеудің бірлігі мен қажетті дәлдікке жету тәсілдері жөніндегі ғылым. Метрологияның күрт дамуына 1975 жылы Метрикалық конвенциясының (құрамында 17 мемлекет бар) қорытындысы (Өлшеу мен таразылар және өлшеудің метрикалық эталонын жасаудың халықаралық мекемесі) себепші болды. Қазіргі кездегі метрология физика, химия т.б. жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін пайдаланып, физикалық тәжірбиенің жоғарғы дәлдігіне сүйенеді. Қазақстанда алғашқы метрологиялық мекеме 1923 жылы Семей қаласында ұйымдастырылды. Ол 1925 жылы Семей және Жетісу губернияларындағы т...
Толығырақ... Оқылды: 452 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 20.05.2019

Баланы дұрыс мақтай білу

Бала өзінің әрбір жақсы әрекетіне мақтау күтеді. Бұл – заңды. Біз реті келсе мақтаймыз, реті келмесе мән бермей жатамыз. Мақтаған дұрыс. Бірақ оның да өз реті мен тәртібі бар екен. Психологтар баланы мақтаудың өз ережесін анықтады. Олар: • нақты бір істі ғана мақтау керек, сонымен қатар жетістіктерін назарсыз қалдыруға болмайды; • мақтау шартсыз болуы тиіс, яғни мақтап келе жатып «бірақ» деп өзіңіздің шартыңызды айтушы болмаңыз; • мақтаған кезде (ұрысқан кезде) баланың жеке іс-әрекетіне қатысты ғана сөз қозғау керек. ​Ересек болсын, бала болсын, кез келген адам өзінің жақсы іс-әрекетінің мойындалғанын қалайды. Мақтау сөздер адамға күш-қуат беріп, жаңа істерге жетелеуге көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі балаға баға қоймайды, жалақы төлемейді. Сондықтан ол үшін ата-анасының мақтауы – оның жақсы әрекетінің негізгі «бағасы». Баласына жақсылық тілейтін әрбір ата-ана баласын қолдап-қолпаштап отыруы керек. Баласының өзіне се...
Толығырақ... Оқылды: 428 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 13.05.2019

Ақшаны қалай жұмсау керек?

Қаржы − қазіргі таңдағы күрделі мәселелердің бірі һәм бірегейі. Мына заманда ақшасыз, бір қадам аттап та баса алмайсың. Ақшаны табу көп адамның қолынан келеді. Дегенмен, орныменжұмсап, тиыннан тау соғатын жандар некен-саяқ. Олай болса, бүгінгі жазбамыз "ақшаны қалай, қайда жұмсау керек?" деген сұрақтарға жауап береді. 1. Жұмсағаныңыз тапқаныңыздан аз болсын. Қаржының қорын жинағыңыз келсе, тапқан табысыңыздан жұмсаған шығыныңыз аз болсын. Бұл қағиданы ұстансаңыз, алдағы уақытта кедергілерге тап болмайсыз. 2. Қаржы мәселесін күрделендірмеңіз! Несиеңіз артқан сайын, шығыныңыздың да көп болатынын естен шығармаңыз. Жиналған қорыңызды сақтау да қиын. Ол үшін қаржы саласында ешқандай қателікке ұрынбаңыз. 3. «Болашақменіңізге» бүгінгі күніңізді басқартпаңыз. Бүгін сатып алуға шамаңыз келмеген затты «болашақта алармын» деп, болашақтың еншісіне қалдырмаңыз. Оған себеп мынау: болашақтағы табысыңыз бүгінгі күніңізге жауап бере алмайды. Кім...
Толығырақ... Оқылды: 484 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 13.05.2019

Күйіп қалғанда не істеу керек?

Қатер айтып келмейді, ал абайсызда болған жағдайға қалай төтеп береміз? Әсіресе, оттан, судан келген қауіп-қатер ең қорқыныштысы болса керек.Сақтансаң — сақтайды, алайда, осы сынды оқиғаларға кез болғанда не істеу қажеттігін білген артық етпейді. Алдымен қаншалықты ашыса да күйген жерді суық суда ұстап, тазалап алу қажет. Кейін жара орнына тұз немесе бал мен шикіжұмыртқаныңағын жағуға болады. Егер жара қабынып, ауырғаны сезілсе, алмұртты танып қойыңыз.Тіс пастасының да осы тұрғыда пайдасы бар.Ол терінің қабынуының алдын алады, ісуден де сақтайды. Күйіп қалған орын зақымданғаннан бөлек, ісіну белгілері біліне бастаса, пайдаланыңыз. Оны күйген теріге жағып, шамалы уақыттан соң жуып тастасыңыз болғаны, бірден шипасын береді. Сондай-ақ, тері қатты күйіп, зақымданатын болса, сол сәтте спиртке салғаныңыз дұрыс болмақ. Яғни, мақтаны спиртке малып, күйген орында сүртіп отыру амалдары жиі жасалуы тиіс. Егер, майға немесе суға күйіп қалсаңыз, сұйық майдың өзі ем болмақ. Ал ауру ас...
Толығырақ... Оқылды: 483 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 13.05.2019

ҚОЛДАНЫСТА БОЛҒАН КӨЛІКТІ АЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ НЕНІ БІЛУ ҚАЖЕТ

Ең алдымен айдалған көлікті сатып алмас бұрын,көлік йесіне бірнеше сұраққа қойып көріңіз. Бұл сұрақтарды сатушыға ұялы телефон арқылы немесе жеке кездесіп қойыуыңызға болады. «Бұл көлік неге сатылуға шығарылып отыр?» Ең алдымен осы сұрақты қойғаныңыз дұрыс. Себебі бұл сізге көліктің негізгі жағдайы жайлы хабардар болуыңызға көмегін тигізеді. Егер ол сізге «жаңа көлік алғандығын» немесе «оған ақша керектігін» айтатын болса, онда сіз бұл көлік үшін саудаласуыңызға болады. «Бұл көлік қанша шақырым жүргенін сұраңыз» Көліктің шыққан жылына және жүріп өткен шақырымына байланысты ол жайлы жалпы көрініс құруыңызға болады «Көлік йесінен бұл көлікті жаңадан немесе басқа адамнан алғандығын сұраңыз» Егер бұл көліктің бұған дейін бірнеше қожайыны болып, алайда көліктің жағдайы жақсы болса онда бұны сатып алу жайлы ойлануыңызға болады. Ал көлік қожайыны бұны жаңадан алғанын айтып одан тез құтылғысы келетіндігін білдірсе, о...
Толығырақ... Оқылды: 343 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 13.05.2019

Һәкім Абайдан қалған өсиет

1. Иман сақтауға – қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек. 2. Құдайшылық- жүректе. Қалпыңды таза сақта. 3. Құдайдан- қорық, пендеден – ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма! 4. Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады. 5. Көрсеқызарлықпен, жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. 6. Ауруды жаратқан құдай, бірақ ауыртқан құдай емес. 7. Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң – Алланың сүйген құлының бірі боласың. 8. Жылуы жоқ бойының, жылмиғаны неткені?.. 9. Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы. 10. Егер менің ішімді жарып өрсең, жылауыңды тоқтатып, шошыр едің. 11. Қайғысыздың бәрі асау. 12. Өлейін деп өлмейді өлерік жан. 13. Распенен таласпа. 14 Қайғы келсе қарсы тұр,...
Толығырақ... Оқылды: 453 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 26.04.2019

ҚАРА НАННЫҢ ПАЙДАСЫ ҚАНДАЙ?

Қара бидай наны әрқашан сұранысқа ие. Қара бидай әрқашан жақсы өнім береді, және бағасы да жоғары емес. Қара наның құрамындағы пайдалы заттар авитаминоз және көптеген ауруларды жеңуге көмектеседі. Қара нанның пайдалы қасиеттерінін адамдар осы күнге дейін пайдаланады. Қара бидай нанының пайдасы қандай? - оқып көріңіз.Қара нанның құрамындағы пайдалы заттар. Ресейде аштық жылдары қара бидай нанын жеген адамдар ешқашан авитаминоз зардап шекпеген. Бұл қара нанда ағзаның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті пайдалы және маңызды заттары бар екенін көрсетеді. Қара нанды жыл бойы пайдалануға болады, әсіресе қыста, себебі қыста ағза дәрумендер тапшылығын сезінеді. Қара нанның құрамын амин қышқылдары, минералдар, макро және микроэлементтер көптеп қамтиды. Қара нан темір және В, А, РР және Е дәрумендеріне бай. Қара нан адамның тұрақты тұтыну өнімінің санатына жатады. Егер сіз қара нанды тұрақты түрде пайдаланатын болсаңыз, ағзаңызды токсиндерден және тұздардан тазарады. Қан тамы...
Толығырақ... Оқылды: 498 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 25.04.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.