ЛАЙФСТАЙЛ
ҚЫСҚА ТОЛҚЫНДЫ ПЕШ ЖӘНЕ ОНЫҢ БІЗ БІЛМЕГЕН ҚАСИЕТТЕРІ |
Қысқатолқынды пеш– қазіргі уақытта қыздарымыз бен келіндеріміздің таптырмас көмекшісі. Асығыс уақытта жылдам ас жылытуға (әсіресе таңғы асты) жақсы теника.Алайда, бұл пешіміздің басқа да ойламаған қасиеттері бар екенін білеміз бе? Мысалға айта кетсек, қабығы ашылмайтын бадам жаңғағын қайнап тұрған суға салып, пеште 30 секунд жылытысаңыз болды, ал түйе жаңғағын (грецкий орех) ыстық суға салып, микротолқынды пешке 4-5 минутқа қалдырыңыз. Сонда қабығы оңайлықпен ашылады.Қабығы қиындықпен ашылатын апельсин не грейпфрутті да суға салып, 30 секунд жылытып оңай аршуға болады. Цитрус жемістерінің шырыны ұнаса, жемісті бірнеше минут пеште қыздырсаңыз, шырынын оңайлықпен сығып ала аласыз.Тіпті қысқа дайындап көк-шөпті, көкөністерді, жаңғақтарды, нанды да кептірсе болады екен. Бәрі де сіздер үшін. Құлаққағыс болыңыз! |
Толығырақ... Оқылды: 496 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 25.04.2019 |
ЕЛ МАҚТАҒАН ЖІГІТТІ – ҚЫЗ ЖАҚТАҒАН |
Бойдақ болсаңыз, бойжеткен аруды қарату үшін төмендегі алты кеңеске үнемі назар аударыңыз. Отбасылық өмірде де оны жадыңыздан шығармаңыз. 1. Ешқашан сырыңызды бүкпесіз айтпаңыз. 2. Көп тыңдаңыз, аз сөйлеңіз. Өзіңізді мақтамаңыз. 3. Әйелге қандай жәрдем бере аласыз? Жауапты тап басып, ұмытылмастай етіп орындауға тырысыңыз. Ренжісіп қалсаңыз: “Мен саған сондай жақсылық жасап едім”, -деп міндетсімеңіз, әйелмен есептеспеңіз. 4. Әйелді таңқалдыруға тырысыңыз. Оның қандай гүлдерді, қандай тәттіні, қандай сәндік бұйымдарды, иіссуды жақсы көретінін біліп алыңыз. Әйел заты сараңдықты ұнатпайтыны жадыңызда болсын. Туған күнімен, мерекелермен құттықтауға айрықша көңіл бөліңіз. 5. Әйелге: “Қандай әдемісің, өзіңмен бірге болу қандай жақсы”, -деген сөздерді жиі айтып, аялауды ұмытпаңыз. Ауырып, жүдеп жүрсе де “Түрің қалай жаман болып кеткен”, деген сөздерді мүлде айтпаңыз, шашына, киіміне, бояуына мін тақпаңыз. Ешқашан өтірік сөйлемеңіз. Егерде сіз сүй... |
Толығырақ... Оқылды: 504 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 25.04.2019 |
ШАЙ ІШУ. ШАЙ ІШУ ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯН БА? |
Шай ішу— көп адамдардың шөлін қандырып,бас ауруын да емдейді.Алайда, осы шай ішудің де ағзаға зияны көп.Шай ішкен кезде осы кеңестерге құлақ түрсеңіздер жақсы болар еді. 1.Аш қарынға шай ішкенде ас қорыту жолындағы ішкі мүшелер зақымдануы мүмкін. 2.Шайды суып қалғанда ішуге болмайды.Суық шайдің кесірінен қақырық көбейеді. 3.Ащы шығарылып ішкен шай денсаулыққа зиян.Егер түнде ащы шай ішсеңіз,ұйқыңыз келмей басыңызды ауыртуы мүмкін. 4.Дәрі-дәрмек қабылдаған кезде шәй ішуші болмаңыз.Ол дәрінің күшін жойып жібереді. 5.Шайді тамақтың алдында немесе тамақтан кейін дереу ішуге болмайды.Тамақ пен шайдің арасы жиырма, отыз минуттай болуы тиіс. 6.Тұрып қалған шайді ішпеген жөн.Өйткені, шай демделіп, жиырма, отыз минуттан кейін құрамындағы заттармен қышқылдануды бастайтындықтан бұл кезде шайдің құрамындағы хош иісті заттар мен пайдалы құрамдас бөліктері жарамсыз болып қалады.Сондықтан қайта қайта демделген шайдің пайдасынан гөрі зияны көп. 7.Шайдің құрамындағы ад... |
Толығырақ... Оқылды: 474 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 25.04.2019 |
КӨЗДІҢ КӨРУ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛАЙ ЖАҚСАРТУҒА БОЛАДЫ? |
Көру— адам баласына ең қажетті деген қасиеттердің бірі. Ол сізге мол білім мен жан-жағыңызды танып-білуіңізге көмектеседі, сондықтанда көз жанарын әрқашан күту керек. Бүгінде алыстан және жақыннан көру қабілеті нашар адамдарды көптеп кездестіріп жатамыз. Бірақ көздің көру қабілетін қалыпқа келтіретін бірқатар тәсілдер бар. 1. Тіпті сіз қазір көзілдірік тағып жүрсеңіз де, үнемі көз жаттығуларын жасап тұрыңыз. 2.20-30 секунд бойы көзіңізді ашып-жұмып көз жаттығуын жасаңыз.Көзіңізді жоғары және төменге көтеріп, түсіріңіз. Дәл осындай жаттығуды оңға және солға қарай жасап көріңіз. 3.Көзіңізбен дөңгелекті, квадратты, үшбұрышты салып көріңіз. 4. Үлкен саусағыңызға бірнеше секунд бойы қарап тұрыңызда, назарыңызды қолыңызға қатысы жоқ басқа бір затқа аударыңыз. Көзіңіздің ауырғанын сезінгенше осы жаттығуды қайталай беріңіз. 5. Өзіңіздің немесе өзгенің қолындағы затқа ұзақ қарап тұру да көмектеседі. Мысалы, қолыңыздағы қарандаштың алыстағанын және жақындағанын қарап тұру.... |
Толығырақ... Оқылды: 486 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 25.04.2019 |
ҚЫЗДАР КИІМІ. ШАЛБАРДЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАҒАН ДҰРЫС? |
Әйел затының киімдерінің бірі ол - шалбар .Оның түр- түрі бар.Алайда, бұл киімді дұрыс таңдамасаңыз, жараспай қалуы да ғажап емес.Шалбарды дұрыс таңдау үшін мына кеңестер артық болмас деген ойдамыз. Шалбардың балақ жағы кеңейтілген екі түрі бар.Тізеден бастап және саннан бастап кең тұрады.Алайда, бұл шалбар иығы кең адамдарға жарасады.Ал, орта жағы кеңейтілгенін яғни, банан шалбарды ұзын бойлы арық қыз келіншектер киіп, ал, толықша келген адамдар кеңейтілгенін шаровар деп аталатын шалбарды кисе болады.Себебі,шаровардың белі мен балағындағы артық енін резеңкемен жинақтап қояды.Ал, мұқият салынған қыры бар түзу ұзын классикалық шабар барлық нәзік жандыларға жарасады.Онсыз іскерлік костюмді елестету мүмкін емес.Сыбызғы шалбарлар-дене пішінін қайталайтын ұзын тар шалбарлар.Әйелдер және ерлер киімінің соңғы сән үлгілерінде сыбызғы шалбарлар қайтадан үздік орынға ие бола бастады. Шалбардың тік тігілгені дұрыс және тым қысып тұрмағаны да абзал.Тік сызығы бар классикалық шалбарлар с... |
Толығырақ... Оқылды: 537 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 25.04.2019 |
БЕЛБЕУ. ЕСКІ БЕЛДІКТІ ТАСТАУҒА АСЫҚПАҢЫЗ |
Белбеу немесе белдік ер адамның, кейде әйел адамдардың сәндік бұйымына айналып жатады.Егер үйіңізде ескі белдіктердің түр-түрі болса оларды тастауға асықпаңыз.Белдіктерден өз қиялыңыздың шарықтау шегіне қарай түрлі әрі қызықты, сіз ойыңызға келмеген дүниелерді жасауға болады. Егер үйіңізде жуан белдіктер бар болса, одан перде жинағыш жасаңыз.Пердені моншақты әшекеймен жинау бір басқа да, белдікпен бүріп қою да үйіңізге ерекше сән мен үйлесім берері сөзсз. Сондай ақ, дастарханға қоятын майлықты да сәндеп жинап қойсаңыз болады. Кітап қоятын сөрені де белдіктен жасауға болады.Ол үшін кітапты қоятын ыңғайлы жерді таңдап алу керек.Қажетінше ескі белдікті бір біріне жалғап үйлесімін тапсаңыз болғаны. Үйдегі жиһаздардың тұтқасы әдетте ең бірінші істен шығатын бөлшек.Есесіне арнайы сатып алудан бұрын былғары белдіктен бірыңғай сәнді тұтқалар жасауға болады.Былғары белдіктің түсі жиһазыңызбен өте сәйкес келеді. Егер үйіңізде гүл отырғызылған гүлсауытыңыз қарапайым бөтел... |
Толығырақ... Оқылды: 511 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 25.04.2019 |
23 сәуір – АҒЫЛШЫН ТІЛІ КҮНІ |
Сондай-ақ, бүгін ағылшын тілі күні. Ол алғаш рет 2010 жылы атап өтілді. Ағылшын тілі күні ұлы ағылшын ақыны, жазушы, әлем бойынша атақты драматург Уильям Шекспирдің туған күнімен тұспа-тұс белгіленді. Қазір бірнеше мемлекеттің миллиардтаған адамы ағылшын тілінде сөйлейді. Бұл ағылшындардың ғана емес, сонымен қатар АҚШ, Ирландия, Канада, Мальта, Австралия, Жаңа Зеландия тұрғындарының да тілі. Ол, тіпті Азия мен Африканың кейбір елдерінде де ресми тіл ретінде мойындалған. |
Толығырақ... Оқылды: 650 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 23.04.2019 |
Бүгін 23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күні |
Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал, білім мен тәрбие көзі. Ол – адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі. Бүгін 23 сәуір – Халықаралық кітап жәнеавторлық құқық күні. Арабтың «кітап» деген сөзі қазақша «жазу», «жазба» деген мағынаны білдіреді. Кітаптың шығу мен дамуы сол жазу өнерінің пайда болуымен тығыз байланысты. Ол қажетті материалдардың ойлап табысуына және техниканың дамуына сәйкес жетілдіріле берді. Ежелгі заманда Мысыр мен Шығыс елдерінде, Греция мен Римде кітап қыш тақталарға жазылды. Кітап тас бетіне де қашалып жазылды.Түркі халықтарының көне жазба мұрасы болып табылатын «Орхан – Енисей жазба ескерткіштерін» (7-9 ғ.) ашық аспан астында тұрған тас кітаптар деп айтуға болады. Ең алғашқы кітап Көпшілікке арналған алғашқы баспа өнімдері (діни уағыздар, қолжазба кітаптар) ағаш қабығына, теріге, кейіннен қағазға қолмен көшіріліп ж... |
Толығырақ... Оқылды: 673 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 23.04.2019 |
ӘЙЕЛ МЕН ЕРКЕКТІҢ МИЫ БІРДЕЙ МЕ? |
Еркек пен әйелдің арасындағы айырмашылықты жұрттың бәрі жақсы біледі. Алайда «әйелдің шашы ұзын ақылы қысқа» деген қағиданы алға тартып, бүгінгі нәзік жандылары ешқандай да кемсіте алмайсыз. Тіпті олардың арасында билік бишігінде жуан жұдырықтылардан да мықты жұмыс істейтіндері жеткілікті. Соған қарамастан, арулардың ақылы ерлерге қарағанда, жан-жақты дамымағаны жиі сөз болуда. Еркек пен әйелдің арасындағы айырмашылықты жұрттың бәрі жақсы біледі. Алайда «әйелдің шашы ұзын ақылы қысқа» деген қағиданы алға тартып, бүгінгі нәзік жандылары ешқандай да кемсіте алмайсыз. Тіпті олардың арасында билік бишігінде жуан жұдырықтылардан да мықты жұмыс істейтіндері жеткілікті. Соған қарамастан, арулардың ақылы ерлерге қарағанда, жан-жақты дамымағаны жиі сөз болуда. Лондон университеті жанындағы колледждің нейробиологы Нейл Барджесстің айтуына қарағанда, ерлер кез келген сынақтан «сүрінбей» өтеді. Мәселен, оларды бейтаныс жерге апарып тастасаң, үйге қайтатын... |
Толығырақ... Оқылды: 466 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 22.04.2019 |
Адамның өтірік айтып тұрғанын қалай білуге болады |
Британдық әлеуметтанушылар бірнеше жыл бұрын орташа есеппен алғанда, адам күніне 4 рет өтірік айтады деген тұжырымға келген болатын. Олардың пікірінше, ең көп таралған өтірік, «қалың қалай деген» сұраққа жауап ретінде айтылатын «бәрі жақсы» деген тіркес. Бүгінде белгілі психологтар әңгімелесушінің сізді қалай алдап отырғанын анықтауға болатынын түсіндіріп берді. Бетін ұстап, сипады Адамдар өтірік айтқан кезде, маңдайын сүртіп, шашын түзеп, мұрнын қасиды. Олар осындай жолмен қалай толқып тұрғанын жасыруға тырысады. Бәрінен де, өтірікті жасыру үшін қолданылатын ең көп таралған қимыл – ауызды қолмен жабу. Осылайша, адам сүзгіден өткізу секілді, өз өтірігін жеңілдетуге тырысады. Жиі жыпылықтап, көзін жасырады Жасыратын нәрсесі бар адам көзге тік қарай алмайды. Өтірік айтып тұрған адамның көзқарасы бір затта тоқтап тұрмай, жан-жаққа жүгіріп тұрады. Егер адам көзін жыпылықтатса, бұл да ойлануға себеп болады. Бұл – өтірікші өзін ыңғайсыз сезінед... |
Толығырақ... Оқылды: 426 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 22.04.2019 |