ЛАЙФСТАЙЛ
АДЫРАСПАН – БЕЛ АУРУЛАРЫНА ЕМ |
Адыраспан – түйетабандар тұқымдасына жататын, тарамдалған бұтағы мол, мыңжылдық шөптесінді өсімдік, оның жапырақтары кезектесе орналасады. Бозғылт-сары гүлдері жеке-жеке өседі. Жемісі қоңыр түсті, диаметрі 1 сантиметрдей шар тәріздес қауашақ. Биіктігі 30-60 сантиметрдей, мамыр-шілде айларында гүлдейді. Қазақстанда, еліміздің батыс өңірінде, Кавказ бен Орта Азияда кездеседі. Негізінен сортаң далаларда, елдімекендерге таяу алқаптарда, сонымен қатар, құрғақ, тасты беткейлерде өседі. Адыраспан құрамында улы гармин және гармалин алкалоидтары, гүлі мен бұтағында пеганин алкалоиды болады. Адыраспан – улы өсімдік, сондықтан оны тек дәрігердің нұсқауымен ғана пайдалануға болады. Кепкен адыраспан Емдік мақсатта адыраспанның шөбін яғни сабағын, жапырақтары мен гүлдерін пайдаланады. Адыраспан – ежелден белгілі дәрілік өсімдік. Кезінде Ибн Сина оны сегізкөз жүйкесі қабынуы кезіндегі шаншуды басатын дәрі ретінде пайдалануға кеңес берген. Халық медицинасында адыра... |
Толығырақ... Оқылды: 508 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 22.04.2019 |
КҮМІСТІҢ ҚАСИЕТТЕРІ ТУРАЛЫ БІЛЕСІЗ БЕ? |
Күміс – адам денсаулығына өте пайдалы. Иммунитетті нығайтады, микробтардан тазартады, жүректің қызметін жақсартады, қан қысымын төмендетеді, ісіктің жойылуына көмектеседі, сондай-ақ оны тері аурулары бар адам тағып жүруі керек. Сондықтан оны медицинада да қолданады, кейбір құрал-жабдықтардың құрамына күміс қосылған. Қазақтың ұғымында күміс тазалықтың, адалдықтың белгісі. Тек әшекей бұйымдар ғана емес, тұрмыс заттары, жиһаз, ер-тұрмандар да күміспен күптелген. Қазіргі кезде де әрбір үйде күмістен жасалған бұйымдар бар. Кішкентай сәбиді қырқынан шығарарда дені сау болсын деген ниетпен күміс салынған суға шомылдырады. Осы күміс бұйымдар уақыт өте келе қарайып кетіп жатады. Ол неліктен? Күміске су, иісмай, тамақ, кір жуғыш құралдар тигенде, кейде сөреде жатып-ақ өзінен-өзі күңгірттеніп кетеді. Қалай тазарту қажет? 1-тәсіл. Зергерлік дүкендерден арнайы күмістерді тазартқыш құралдарды сатып алып қою қажет. 2-тәсіл. 1 стақан суға 1 шай қасық мүсәтір, 1–2 тамшы сұ... |
Толығырақ... Оқылды: 443 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 22.04.2019 |
22 сәуір – халықаралық жер күні |
Халықаралық Жер күні 2010 жылдың 22 сәуірінен бастап жыл сайын аталып өтеді. Бас Ассамблеяның 63-інші сессиясының төрағасы Мигель д'Эското Брокманның атап өтуінше, қарарда Халықаралық бұл күннің жария етілуі Жер мен оның экожүйесі адамзатқа өмірді қамтамасыз ететін біздің ортақ үйіміз екенін мойындау, сондай-ақ 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі конференциясында қабылданған міндеттемелерді растау болып табылады. Жер күнін атап өту дәстүрі 1970 жылы АҚШ-та пайда болды, ал 1990 жылы бұл дата халықаралық акцияға айналды. |
Толығырақ... Оқылды: 674 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 22.04.2019 |
Құлаққапты қолдану есту қабілетін нашарлататыны рас па? |
Үлкен қала тұрғындары 75% уақытын құлаққаппен өткізеді. Олар метро, автобуста музыка тыңдайды, кеңсе қызметкерлері артық шудан қашу үшін немесе өзге әріптестеріне кедергі келтірмеу құлаққапты қолданады. Жұмыстан соң құлаққапсыз жаттығу залына бармайды. Күні бойы құлаққапты қолданғанымызбен, оның зияны жайында сөреге қойып жатып ойланамыз. Дыбыстың қандай түрі есту қабілетін бұзады? 2015 жылы Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) 1,1 миллион жас музыканы өздерінің құрылғылары арқылы қатты тыңдайтындықтан, есту қабілетін бұзуы мүмкін деген мәлімдеме жасаған болатын. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы орташа және жоғары табысты елдерге жүргізген сараптама бойынша, 12 жас пен 35 жас аралығындағы тұрғындардың 50%-ы өздерінің смартфондары мен плеерлерінің әсерінен естіу қабілеттерінің нашарлағанын алға тарса, 40% тұрғын себебін кешкі бар, концерт пен спорт алаңдарының шулы аймақтарымен байланыстырған. Дыбыс қай кезде қауіпті болады? Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуі бойынша, 8 с... |
Толығырақ... Оқылды: 490 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 19.04.2019 |
19 СӘУІР ҚАНДАЙ КҮН??? |
Қазақстанда ұлттық орман егу күні Бүкілқазақстандық экологиялық акция «Тұрақты даму» Жер қорының бастамасымен алғаш рет 2014 жылдың 19 сәуірінде өтті. Оның мақсаты - ормандарды сақтап, қалпына келтіру, қалаларды жасыл желекпен көркейту, орман байлығын сақтап, көбейту ісіне қоғамның қызығушылығын арттыру, Қазақстан ормандарын қалпына келтіру жобаларына ресурстар тарту. |
Толығырақ... Оқылды: 568 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 19.04.2019 |
Үй шашылмау үшін не істеу керек? |
Үй ішіндегі әрбір зат, әр киім маңызды сияқты және әрқайсысы әйтеуір бір күні қажет болып қалардай көрінеді. Осылайша жинала берген заттар үйдің тез шашылуына, артық заттардың көп болуына әкеледі. Ал бұл өз кезегінде үй жинау процесін қиындатады. - Ешқашан «кәдесыйлар» сатып алмаңыз. Үйіңізде тым құрығанда бір жәшік бос тұруы қажет. Назар аударыңыз – тамақ ішетін үстелдің беті көріне ме? Сирек қолданатын асхана құралдарын тығып қойыңыз. Ескі газет пен журналдардан құтылыңыз, оларды екі айдан ұзақ сақтаудың қажеті жоқ, осы аралықта отбасыңыздың барлық мүшесі оларды оқып үлгереді. Үйіңізде әр зат үшін арнайы орын тағайындаңыз. Үй жинағанда артық зат көріп қалсаңыз, «Мына зат маған қандай пайда әкеледі?» деп өз-өзіңізден сұраңыз. Егер мардымды жауап таппасаңыз, аямай тастай салыңыз. Жатын бөлмедегі креслоны, ас үйдегі терезе алды тақтайды немесе ауыз бөлмедегі тумбочканы ескі-құсқы заттар жиналатын орын етпеңіз. Бөлмеден шыққанда жарықты... |
Толығырақ... Оқылды: 526 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 16.04.2019 |
Үй жинағанда ұмытылатын 20 орын |
Біз пәтеріміздегі терезе, есік пен еденді жиі жуамыз, тоңазытқыштың ішін реттейміз, ноутбук немесе планшеттің бетін сүртеміз, киімдерімізді жуамыз. Алайда, анда-санда сүртуді талап ететін орындар мен заттарды ұмытып кетіп жатамыз. Бұл орындарды да аптасына, айына немесе маусымда бір жуып, жинап тұруды ұмытпайық. 1. Кілемнің ішкі жағы. Кілемге терең сіңіп қалған шаңды кетіру үшін оны аударып, екінші жағын шаңсорғышпен тазалаңыз. 2. Жалюзи. Оларды материалына қарап тазалау қажет. Металл жалюзилерді жуғыш заттар қосып, сулы ысқышпен сүртуге болады. Ағаш жалюзилерді сулы ысқышпен сүртсеңіз жарайды. Мата жалюзилеріндегі шаңды микрофибрадан жасалған құрғақ майлықпен сүрткен жақсы. 3. Кір шуғыш машинаның есігі. Кір жуғыш машинаның қызметін қуана пайдалансақ та, оның өзіне көп көңіл бөле бермейміз. Ұзақ уақыт сүртілмеген кір жуғыш машинаның есігінде шаң баттасып, тіпті сүртуге де қиындық тудыруы мүмкін. 4. Кір жуғыш машинаның ұнтақ салатын қоймасы. Иә-иә, бұл жерді де ара-тұра сүрт... |
Толығырақ... Оқылды: 425 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 16.04.2019 |
ҚАЗАҚТЫҢ ҮШ БИІНІҢ АЙТҚАНДАРЫ |
Қара сөздің парқын білген қазақ нақыл сөзге кенде емес. Тарихтың тарам-тарам жолдарында өткеннен із болып сақталған ұлы сөздер бүгіндері әр қазақтың жүрегінде болуға тиіс. Шешендік пен даналық - жұмыр басты пенденің бәрінің бірдей бойына дари бермейтін дарын. Осындай ғажайып дарын иелері ел басына күн туған шақта шашыраған қазақты бір тудың астына жинап, есігі мен бесігін түзейтін ерлеріне ерен сөз айтты. Қасиетті сөздің қадірін ұғынған жан үшін олар тек сөз ғана айтпады. Олар алтыннан да құны жоғары, оты сөнбес ғұмырлық нақыл айтты. Шешендер мен билердің ішінде үш жүздің үш биін бөле жарып алуды көздеп отырмыз. Олар қаны да, жаны да бір қазақтың басын қоспақ болды. Ендеше, бабаларымыздың артына қандай ұлы сөз қалдырғанын біле жүрейік. Төле бидің айтқандары: Бір үйдің баласы болма, Көп үйдің санасы бол. Бір елдің атасы болма, Бар елдің данасы бол. Бір тонның жағасы болма, Көп қолдың ағасы бол. Ақты ақ деп бағала, Қараны қара деп қарала, Өзегің талса, өзен... |
Толығырақ... Оқылды: 2288 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 16.04.2019 |
Өз өзіңізге деген сенімділікті арттырыңыз |
1."Адамның негізгі міндеті күнелту емес, өмір сүру" Джек Лондон 2. "Ешқашан уақыт жоқ деп айтпаңыздаршы. Микеланджело, Леонардо да Винчи, Томас Джефферсон, Пастера, Хелен Келлер, Альберт Эйнштейндерде қанша уақыт болса, біздерге де бірдей уақыт берілген!" Джексон Браун 3. "Біз қол жетпесті қуып жүріп, мүмкін емес нәрсені жасап шығамыз" Роберт Ардри 4. "Егер кім де кім эрудициясы мен білімділігін басқалардан артық көріп, мұрын шүйірсе, ойлау дәрежесінің төменгі деңгейде болғаны" Эрнест Хемингуэй 5. "Менің ең сенімді алты қызметкерім бар. Олардың алдында міндетім зор. Олардың аттары: Кім? Неге? Қашан? Не? Қайда? және Қалай?" Редьярд Киплинг 6. "Сіздің өміріңіздің ең жақсы жылы – өз мәселелеріңіздің тек өзіңізге ғана тиесілі екенін мойындау. Сіз оған бола анаңызды, экологияны не президентті кінәламаңыз. Өз тағдырыңызды өзіңіз басқарып отырғаныңызды түсіне біліңіз" Альберт Эллис 7. "А... |
Толығырақ... Оқылды: 503 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 16.04.2019 |
16 сәуір – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЦИРК КҮНІ |
Жыл сайын сәуірдің үшінші сенбісінде атап өтіледі. 2009 жылы Еуропалық цирк қауымдастығы мен Дүниежүзілік цирк федерациясы бұл мерекені құруға бастамашылық еткен. Ол кезде бүгінде 21 цирк кіретін Еуропалық цирк қауымдастығының президенті Урс Пилс пен ханшайым Стефания барлық циркке Халықаралық цирк күнін жыл сайын мерекелеу бастамасын қолдауды ұсынды. Содан бері көптеген елдерде жылда атап өтіледі. |
Толығырақ... Оқылды: 602 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 16.04.2019 |