ЛАЙФСТАЙЛ

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 17 маусым

17 маусымда қандай атаулы оқиға болды Бүгін – дүниежүзілік шөлейттену менқуаңшылыққа қарсы күрес күні. Мереке 1994 жылы Парижде шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі халықаралық конвенция қабылданған күннен бастап аталып өтеді; Сондай-ақ, 17 маусымда Исландияда тәуелсіздік күні аталып өтеді. Ел аумағы әкімшілік жағынан 8 аймаққа, 23 ауданға бөлінеді. Астанасы - Рейкьявик. Ресми тілі – исланд тілі. Исландия – парламенттік республика. Конституциясы бойынша мемлекет басшысы – президент. Ол 4 жылға ашық сайлау арқылы сайланады. Заң шығару билігін президент пен бір палаталы парламент "Альтинг" жүргізеді; Исландия 930 жылдан 1262 жылға дейін тәуелсіз мемлекет болды. Алайда 1262 жылдан Норвегия колониясы, 1380 жылы Данияның иелегіне өтті. Мемлекет қайраткері Йоун Сигурдссон Данияға қарсы Исландияның ұлт-азаттық қозғалысын бастап, сауда монополиясын тоқтатуды талап етті. Исландия 1944 жылы 17 маусымда тәуелсіздігін алды.
Толығырақ... Оқылды: 419 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 17.06.2019

Сізге қай мінезді өзгерту керек? (психологиялық тест)

Сонымен, өзгерту үшін, өзгеру үшін не істеу керек? Бұл тұрғыда психологтар сізге қандай ақыл айтады? Білгіңіз келе ме? Онда суреттегі алты алманың біреуіне қол созыңыз. Мен «Тағдыр ғой, көнеміз ғой көнбегенде қайтеміз» дейтіндермен келіспеймін. Тағдыр – бұл таңдау. Өміріңіздің қандай болмағы таңдаған мамандығыңызға, көп қыздың (жігіттің) ішінен таңдаған жарыңызбен қатар, мінезіңізге де байланысты. Меніңше, кез келген адам мінезінің кейбір тұстарын өзгерту арқылы өміріне өзгеріс енгізе алады. Сонымен, өзгерту үшін, өзгеру үшін не істеу керек? Бұл тұрғыда психологтар сізге қандай ақыл айтады? Білгіңіз келе ме? Онда суреттегі алты алманың біреуіне қол созыңыз. 1-АЛМА Қиындықты, бақытсыздықты салмақты қабылдайсыз. Басыңызды бұлт шала қалса кейбіреулер секілді еңсеңіз иіліп өмірден түңілмейсіз. Өмір алдыңызға тосқан тосқауылдан, сынақтардан оңай өте аласыз. Айналаңыздағы адамдардың пікірі сіз үшін – бос әңгіме. Өзіңіздің «адресіңізге» бағытталған ж...
Толығырақ... Оқылды: 363 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 14.06.2019

Айнаға қарап, денсаулығыңызды байқаңыз

Әр күні жұмысқа кетерде айна алдына келіп өз бейнеңізге бір үңілмей жолға шықпайсыз. Дәл осы сәтте өз бет-әлпетіңіздегі өзгерістерге ден қоя назар салсаңыз, денсаулығыңыздағы өзгерістерді байқай аласыз. Бұл аурудың алдын алуға өте пайдалы. Көзіңіздің үсті іссе Бұл бүйректің әлсіздігінен немесе бүйректің қабынуынан дерек беруі мүмкін. Мұндайда дәрігерге барып қаралыңыз және қан қысымыңызды өлшетіп көріңіз. Көздің айналасы қарауытса Бұл сіздің қатты шаршағаныңызды білдіреді, мұндай шақта демалысты көбейтіп, тыныштыққа назар аударыңыз. Көзіңіз қанталаса Ұйқының аздығынан адам көзі қанталауы мүмкін. Ерніңіз сарғайса Шылым шегетін адамдардың ерні сарғайып кетеді, бұл жүрек, өкпе сынды ішкі мүшелердің қалыпты қызметіне нұқсан келгенін айғақтайды. Тілдің үсті ағарып, қалыңдаса Ас қорытудың жақсы болмағандығынан, асқазанның қабынуынан, асқазан-ішек жолы қызметтерінің қалыпсыздығынан дерек беруі мүмкін. Мұндайда тамақты өлшеммен жеуге назар аудару керек. Бетке қара да...
Толығырақ... Оқылды: 332 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 14.06.2019

Адамдарды бетінен тани біліңіз

Адам баласы туылған сәттен бастап өзіндік ерекшелікпен дүниеге келеді. Сол ерекше қасиеттері оның бет пішіні болуы мүмкін, демек адамдардың бет пішіні арқылы да қандай екенін білуге болады. Ендеше төмендегі бет пішіндеріне көңіл бөліңіз. 1. Сопақша бет. Аристократты түрге жатады. Ондай бет-пішінді адамдар ақылды,бір қалыпты,сезімтал келеді.Олар жинақы,әділ әрі салмақты. Ондай адамдарда ұйымдастыру қабілеті жақсы дамыған және дегеніне жетпей қоймайды . Олар көбінесе жеңіске жететіндер. 2. Алмұрт пішінді бет. Бұл адамдар кең маңдайлы,үшкір иекті болып келеді. Олар өмірде нағыз әртіс,ақылды,сезімтал болады және сол қасиетінің арқасында айналасындағыларға сыйлы болады. Алмұрт пішіндес әйелдер қамқор,өз ісіне берілген,өте әдемі және оптимистер. 3. Төртбұрышты бет. Бұл адамдар тасжүрек,бірбеткейлі,ашық мінезді және баяу қимылдайтын болады. Олар лидер болуға ұмтылады, және жетістікке жетеді. Бірақ олар қатал, дөрекі әрі мықты болып келеді. Олар өз сөзінде тұратын және бір шешімге кел...
Толығырақ... Оқылды: 307 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 14.06.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 маусым

Бүгін – Дүниежүзілік қан доноры күні. Бұл мерекені атап өту бастамасын бір мезетте бірнеше ұйым көтерген болатын. Атап айтқанда, Халықаралық қан құю қоғамы, Қызыл крест халықаралық федерациясы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы. Бүкіләлемдік мерекенің датасы ретінде 14 маусымның таңдалуы кездейсоқтық емес, дәл осы күні әйгілі ғалым, австриялық дәрігер-иммунолог, адам қанының тобын алғаш ашқан Карл Ландштейнер дүниеге келген еді. 1930 жылы медицинадағы жетістігі үшін Нобель сыйлығын иеленді. Сондай-ақ, бүгін АҚШ тұрғындары Америка байрағы күнін атап өтеді. Жеті қызыл және алты ақ жолақты тудың бір жақ шетінде 50 бесбұрышты жұлдыз бар. Байрақтағы 13 жолақ тәуелсіз мемлекетті құрған 13 британиялық колонияны (Делавэр, Пенсильвания, Нью-Джерси, Джорджия, Коннектикут, Массачусетс, Мэриленд, Оңтүстік Каролина, Нью-Гэмпшир, Виргиния, Нью-Йорк, Солтүстік Каролина, Род-Айленд) білдіреді. Ал жұлдыздар саны штат санына сәйкес келеді. Қызыл түс төзімділік пен батырлықты, қара көк түс...
Толығырақ... Оқылды: 391 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 14.06.2019

Қай орынға отырасыз? (психологиялық тест)

Мәтінді оқымай тұрып, суретке зер салыңыз. Жаныңызға жақын, отырғыңыз келетін орындықты таңдаңыз. Таңдауыңызға сәйкес орындық сипаттамасын оқып, өзіңізді таныңыз. 1. «Кәсіпкер» орындығы. Сіз өте мықты және еңбекқор адамсыз. Таңертеңнен кешке дейін бір орында тапжылмай, қиын әрі күрделі жобамен айналыса аласыз. Бойыңызда тәуекелшілдік тұнып тұр. Қандай шешім шығарсаңыз да, тек жақсылығын көруге тырысасыз. Бір көрген кісі сізді еңбексүйгіш деп бағалайды, олар қателеспейді де. Бірақ сіз жұмысыңызға деген шексіз махаббатыңыз арқылы өзге еңбекқор жандардан ерекшеленіп тұрасыз. Ойға алған ісіңізді соңына дейін жеткізбей тынбайсыз. 2. «Рухани тәлімгер» отырғышы. Сіз сабырлы әрі жанашыр жансыз. Бір күніңізді толығымен жәрдеміңізге мұқтаж адамға арнай аласыз. Жаныңыз қайырымдылық пен мейірімділікке бай. Сіз үшін нағыз адам – өзгелерге қол ұшын соза алған жан. «Адам аласы ішінде» деген тіркес сізге сай емес екенін бір көріп білуге болады. Себебі...
Толығырақ... Оқылды: 391 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 13.06.2019

Білегіңізде неше сызық бар? Тексеріңіз де, мағынасын оқыңыз!

Жүздеген жылдар бұрын үнділіктер қолға қарап жорамалдар жасай бастаған. Ол алғашында Азияда, кейіннен Еуропада танымал бола бастайды. Қазір технологияның дамығанына қарамастан, хиромантия ғылымына деген сұраныс мол.Соның ішінде ең қызықты жорамалдардың бірі — білектегі сызықтарға байланысты.Мамандардың айтуынша, сызық қанша көп болса, сонша ұзақ ғұмыр сүретініңіздің белгісі. Білезік тұсында негізінен 2-3 сызық болады, кейде 4 сызық та кездеседі. Әр сызықтың өзіне тән белгілері болады әрі ол сіздің денсаулығыңыз бен тағдырыңыз туралы сөйлей алады… Сонымен ол сызықтар нені меңзейді? Бірінші сызықең маңыздысы. Себебі ол адамның денсаулығынан хабар береді. Егер ол сызық анық, әрі үзілген жері болмаса барлығы жақсы. Ал білінер-білінбес болса, әлсіздігіңіз бар деген сөз. Екінші сызықбайлықтың белгісі. Түзу және анық көрініп тұрған сызық адамның бай, бақуатты болатынының белгісі. Үшінші сызықтыңбилікке, қызметке әсері бар. Бұл жерде де сызықтың ан...
Толығырақ... Оқылды: 436 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 13.06.2019

Неге суды екі рет қайнату өмірімізге аса қауіпті?

Көбінесе қайнатқан суымыз суып кеткенде қайтадан қайнатып аламыз. Ал бірақ қайта қайнатқанда судың құрамында қандай өзгерістер болатынын білмейміз. Бұл тақырып маңызды болғанымен, ол мектептегі химия және биология сабақтарында айтылмайды. Ал расында су қайнаған кезде оның құрамы өзгереді. Су екінші рет қайнағанда, оның химиялық құрамы зиянды жаққа өзгереді.Осылайша, зиянды заттар ұшып кетпей, жинала бастайды. Мұндай зиянды заттарға мышьяк, нитраттар мен фторид жатады. Оған қоса басында пайдалы болған заттар шамасынан көп жиналған жағадай да қауіп төндіруі мүмкін. Мысалы кальций тұзының жиналуының нәтижесінде бүйрек тастарының пайда болуы ықтимал. Бірнеше рет қайнатылған судың ағзаға зияны: 1. Күшәла (мышьяк) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұжырымынша «ауыз су құрамында күшәла болғандықтан халыққа қауіп төндіреді». Күшәланың ағзаға әсері интоксикацияға әкелуі мүмкін. Интоксикацияның потенциалды зардаптары асқазан ауруларына, диабет, перефири...
Толығырақ... Оқылды: 386 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 13.06.2019

Жүгірудің пайдасы қандай?

Жүгіру – спорттың бір түрі. Бірақ оны спорт ретінде емес, күнделікті іс ретінде қарауға да болады. Себебі оның да өзіне тән ерекшелігі мен пайдасы бар. 1. Жүгіру жүрек қағысының соғысын реттейді. Ол жүрек бұлшық еттерін қалпына келтіріп, тұрақтандырушы. Бұл дегеніміз жүрек қатты әрі берік болады. 2. Қандағы кислород көбейеді. Жүгіру кезінде денеден қан көп бөлінеді. Бұл қан айналымының дұрыстығына жауап береді. 3. Күйзеліске таптырмас спорт түрі. Күйзеліс және шаршау адам денесіндегі көптеген мүшелердің зақымдалуына алып келеді. Сондықтан әрдайым сергек әрі жадыраңқы жүру үшін жүгірудің пайдасы зор. 4. Жүгіру кезінде қанда эндрофин гормоны жиілейді. Бұл гормон медицина тілінде «бақыт гормоны» деп аталады. Бұл бекер емес. Қанда бұл гормон қалыпты әрі жиі қалыптасқан сайын күйзеліс жоғалады. 5. Ақылдың белсенділігі артады. Жүгіру кезінде адам өзімен-өзі қалып түрлі ойға барады. Бұл оның тез әрі нақты шешімдер қабылдауына көмектеседі. Жүйке тамырлары...
Толығырақ... Оқылды: 494 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 13.06.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 13 маусым

Бүгін әлемде Халықаралық альбинизм туралы ақпарат тарату күні аталып өтеді. Бұл дата БҰҰ Бас ассамблеясының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы қарарымен бекітілген. 2015 жылдан бастап жыл сайын атап өту жайлы шешім қабылданды. Альбинизм – реңсіздік, яғни, организмнің өзіне тән түсінің жоғалуы. Ол рецессивті генге байланысты тұқым қуалайды. "Альбинизм" дертіне шалдыққандарды альбиностар деп айтады. Албинизмнің басты белгісі – адамның терісімен бірге шашы да сүттей ақ, ал көздері үнемі қызарып тұратындықтан өте нашар көреді. Сондай-ақ, бүгін – Кішігірім саяхат күні. Мерекені қалаған жеріңізде атап өтуге болады, тек бір сәтке айналаңызға көз жүгіртсеңіз болғаны. Барлығы сіздің көзқарасыңызға байланысты. Достарыңызбен бірге саябақта серуендеуге немесе табиғат аясына шығуға кеңес береміз. Сонымен қатар, бүгін – Түйреуіштің туған күні. Әдетте, үлкендер балаларды тіл-көзден сақтау үшін киімнің жиегіне көрсетпей, түйреуіш тағып қояды. Бұл аксессуардың тарихына...
Толығырақ... Оқылды: 370 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 13.06.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.