
Бір күні Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Айша анамыздың(Оған Алла разы болсын) қолынан күміс жүзіктерді көріп:
- Бұлар не? – деп ұнатпаған кейіп танытады.
- Оларды сіз үшін сәнденейін деп тақтым.
- Ал бұлардың зекетін төлеп пе едің?
Айша анамыз(Оған Алла разы болсын) жауап қата алмай тұрып қалады. Өйткені аз мөлшердегі бұл жүзіктердің зекеті болмайтынын білетін. Сондай-ақ одан: «Мөрсіз бес күміс ақшадан аз нәрсенің зекеті берілмейді»1дегенді де естіген. Ал саусағындағы бұл жүзіктердің зекеті одан төмен еді. Дереу бойын жиып:
- Жоқ, - деп жауап берді.
Жақындығын білдіріп, қасындағылардың да өзі секілді қарапайым өмір сүргенін қалаған Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірлік жолдасына:
- Тозақ ретінде бұл саған жеткілікті болар еді!2– деген сөздерді нәзік жүрегін тітіркендіріп, естен тандыра жаздады. Айша анамыз(Оған Алла разы болсын) сол күннен бастап аз да болса дүниелік нәрсені ертеңгі күніме керек боп қалар деп қолына ұстамай, қолындағы бар нәрсені мұқтаждарға таратып беретін. Анамыздың(Оған Алла разы болсын) дүние мен ақыреттегі ең үлкен байлығы Алла елшісі болатын. Бірде жан жары оған:
- Егер маған ақыретте қауышуды қаласаң, дүниеде жолаушы секілді бол! Байлардан бойыңды аулақұста, жарамсыз жағдайға жеткенге дейін киіміңді ауыстырма, 3 - деп өсиет еткен.
Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) орта жолды ұстанатын. Дүние мен ақырет арасындағы теңдікті ең жақсы түсініп қабылдаған да күмәнсіз өзі болатын. Алла Тағала қолдағы мүмкіндіктермен әрдайым ақыретті ойлау керектігін ескертіп, мұны жасаған кезде дүниеден де нәсіпсіз қалмауды ескертетін. Алайда, адамның табиғатында тойымсыздық бар. Сондай-ақ, аяттың айтқанын ескеріп дүниеге басы бүтін беріліп, ақыреттен ада қалуға болмайды. Расулалла (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) аналарымызға тақуалықтан таймауды ескертіп: «Адам баласының екі сай толы дүниесі болса, үшіншісін қалайды, оның көзін топырақтан басқа ештеңе тойдыра алмайды. Алайда, дүниедегі қажеттіліктер намазды дұрыс оқи білу және зекетті бере алу үшін керек-ақ. Күмәнсіз, тәубе еткендердің тәубесін Алла қабыл етеді»4, – дейтін.